Мұхтар Әуезов қалдырған мол мұра
«Орыс мәдениеті үшін Пушкин қандай болса, шығыс
халықтарының мәдениеті үшін Әуезов сондай»
Ш. Айтматов
Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебінде «Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына» орай ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуіне сәйкес 4-7 сыныптарда эссе, шығарма жазылды. 7-11 сыныптармен болашаққа қалдырған мұрасын танытуда әдебиет пәні мұғалімі Гүлнұр Исаева әдеби кеш өтті.
Әдеби кеште болашақ жас ұрпаққа әлемге Абайдай дананы танытып, өзі де қайталанбас бірегей тұлға болып танылған Мұхтардай ұлыға арналған қайталанбас айқын таныту барысында сын тұрғысынан ойлау жаңа әдіс-тәсілде өз мақсатыма жетті.
Есімі ұлттық мақтанышымызға айналған, атағы жер жүзіндегі адамзат баласының арыстандары атанған Шекспир, Пушкин, Толстойлармен теңдесіп, әлемдегі үркердей ұлылардың қатарына кірген, халқымыздың кемеңгер перзенті, дара және дана Мұхтар Әуезовті елдің ертеңгі жастары Мұхтардың ғұмырнамасын үлгі-өнеге етуге тәрбиелеу . Мектеп оқушыларына жаңартылған білім бойынша жаңа әдіс-тәсілде жоспар жасалды. «Мың бала» акциясы ұйымдастырылып Мұхтар Әуезов атамызды жан-жақты танытты.
8-сынып оқушысы Гүлсая Жангелдинқызы Мұхтар Әуезов ғұмырнамасына тоқталды. Мұхтардың туған жері бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы. Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Ол сол арқылы алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап ауылдастарына оқып беретін дәрежеге жетеді.
1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысқандығын білді. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазған. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданған. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік – Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарған.
1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірігіп) атсалысады.
1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме дәл келеді.
1923 жылы Ленинград университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне, әдебиет-лингвистика бөлімінің славян-орыс секциясына түседі. М.Әуезов көркем әдебиеттен сабақ береді, әрі «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет істейді.
Орта Азия мемлекеттік университетінің тюркология кафедрасына аспирантураға түсіп, сол кезде қазақ халық ағарту институтында орыс және қазақ әдебиет пәндерінің оқытушысы болып қызмет атқарды. «Қорғансыздың күні» – жазушының алғашқы жарық көрген әңгімесі. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.
«Ескілік көлеңкесінде» ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш деген қыздың халі әңгімеленген. Мұхтар Әуезов өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.
«Қилы заман» повесінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың барысы, әділетсіздікке төзбей, ел бастап шыққан ерлердің бейнесі көруге болады.
1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М.Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады.
Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік – Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болған.
Мұхтар Әуезов түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуына рұқсат алған.
8-сынып оқушысы Махымова Албина «Қараш-қараш оқиғасы» төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылғандығы, 20 жылдардың әңгімелеріндегідей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы – байлардың кедейлерге жасар өктемдігі, зорлығы, кедейлердің байлардан көрер қиянаты, қорлығы сөз болғандығын айтты. Одан кейін 10-сынып оқушысы Өмірзақ Ақниет Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болғандығын, Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлағандығын Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайтынын, содан соң үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барағандығы жайлы айтып бөлісті. Алайда Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылғандығын барлық оқушы шынайы сезінді.
Мұхтар Әуезов атамыздың өзі ұрпаққа үлгі. Ал өмір жолы ешқашан ұмытылмайды. Жаңа әдіс арқылы сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа әдіс-тәсілді қолданып, оқушыларды дамыту маңызды. Кештің соңында өскелең елдің ертеңгі жастары Мұхтар Әуезов атамыздың жұлдызы биікте екенін түсінді.
Бибігүл АЙТБАҚОВА,
№29 орта мектептің тәлімгері