«Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы
qarmaqshy-tany.kz Бүгінде аудан көлемінде орналасқан барлық мектептер бойынша ондағы білім алушы оқушыларға полиция қызметкерлерімен «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» акциясы аясында жол қозғалыс ережесін насихаттау жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған шараның басты мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту болып табылады.
Осы бағытта Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Еспанов Қайрат №105 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу жиыны өткізіліп, жол ережесі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Балаларға жол қауіпсіздігін үйрету мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс және жол ережесін ерте жастан үйреткен дұрыс. Сондықтан Қармақшы ауданының Полиция қызметкерлерімен бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жүргізіле беретін болады.
Қармақшы аданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Пікір 1