» » Гендік ауруды емдейтін әлемнің үздік дәрігерлері Қазақстанда екі күндік семинар өткізеді

Гендік ауруды емдейтін әлемнің үздік дәрігерлері Қазақстанда екі күндік семинар өткізеді

Гендік ауруды емдейтін әлемнің үздік дәрігерлері Қазақстанда екі күндік семинар өткізеді
24-25 сәуір аралығында Қазақстан Республикасында балалардағы сирек ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа стандарттарын енгізуге арналған Жол картасы аясында «Балалардағы муковисцидозды диагностикалау мен емдеудің өзекті мәселелері» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
«Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар» ҚБ қазақстандық муковисцидоз қауымдастығы, Ұлыбританияның «Cystic Fibrosis Worldwide» (CFW) Дүниежүзілік муковисцидоз халықаралық ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өтетін конференцияға педиатриялық қызметтің 100-ден астам дәрігерлері: пульмонологтар, диетологтар, гастроэнтерологтар, сонымен қатар Қазақстан республикасының барлық аймақтарынан сирек (орфандық) аурулар бойынша өңірлік үйлестірушілер мен медициналық ЖОО студенттері қатысады. Шараны өткізудегі басты мақсат – ҚР дәрігерлерінің біліктілігін арттыру және медициналық қоғамдастықты муковисцидоз мәселелеріне назар аударту.
2016 жылғы 21 маусымда CFW Дүниежүзілік муковисцидоз ұйымының Директорлары кеңесінде Қазақстандық муковисцидоз қауымдастығын CFW мүшелігіне қабылдау туралы, сондай-ақ Қазақстанды қолдау туралы оң шешім қабылданған болатын. Екі ел арасындағы келісім аясында шетелдік ұйым қазақстандық дәрігерлерді муковисцидозды емдеудің әлемдік стандарттарына оқыту үшін муковисцидозды емдеуші ең үздік мамандарын елімізге келуі мен дәрістер ұйымдастыруды өз міндетіне алған еді.
Аталмыш келісімшарт аясында Қазақстанға Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы Грейт Ормонд-стрит және Бромптон Корольдық ауруханаларының гендік ауруларды емдеу бойынша ең мықты деген дәрігерлері, атап айтқанда Dr. Ian Balfour-Lynn Cystic Fybrosus Paediatrician (педиатр), Dr. Susan Linden Woods CF Dietitian (диетолог), Ms Sunayana Ammaui Thorpebeeston CF Physiotherapist (физеотерапевт), Dr. Suzanne Kenny CF Nurse (мейірбике) және Дүниежүзілік муковисцидоз ұйымының Президенті Терри Стюарт мырзаның өзі келеді. Бұл семинар аталмыш ұйымның ортақ мәселені шешудегі алғашқы қадамы болып табылады.
Екі күн бойы өтетін шара барысында шетелдік мамандар қазақстандық дәрігерлерге оқыту семинарын өткізіп, гендік ауруларды емдеудің әлемдік тәжірибелерімен бөлісіп, муковисцидозды диагностикалау мен емдеудің заманауи тісілдерін ұсынады. Сонымен қатар, муковисцидозға шалдыққан балаларды дұрыс күту мен тамақтану бойынша кеңестер береді.
26 сәуір күні шетелдік қонақтар ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының тыныс-тіршілігімен танысып, сирек ауруларға шалдыққан балалардың ата-аналарымен кездеседі. Кездесу аясында №2 қалалық балалар емханасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері және клиника дәрігерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтеді (ПБХҒО, мәжіліс залы). Онда балалардағы муковисцидозды диагностикалау мен емдеу, ауруды диагностикалаудың медициналық-генетикалық мәселелері, емдеу және дәрілік заттармен қамтамасыз ету, кинезитерапия және науқасты оңалту мәселелері талқыланып, оқыту дәрісі бойынша қорытынды шығарылады. Сондай-ақ, Қазақстанда муковисцидоз орталығын салу жайын талқылау жоспарланған.
Конференция емдеудің патогенетикалық әдісі өмір бойына алмастырылатын ем болып табылатын балалардағы муковисцидоз мәселелеріне арналады. Гендік ауруға шалдыққан науқастарды емдеу ерекше қымбат және әлемнің барлық дамыған елдерінде арнайы Мемлекеттік бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.
23 сәуір 2018 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 906

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 940

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031