» » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты Қармақшы аудандық аумақтық инспекция басшысы С.Күзембаев кіріспе сөзбен ашып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына түсіндірме жүргізе отырып, аталған Заңның талаптарын жеке және заңды тұлғалармен қызмет барысында және жұмыстан тыс уақытта да Әдеп нормаларының талаптарын сақтау керектігін, осы норма талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет екендігін атап өтті.
Жиналыс өз сөзінде, әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды белгілейтінін, оның ішінде мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары белгіленгенін айтты. Инспекция мамандарына қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта да Әдеп нормаларының талаптарын сақтау туралы айтылып өтті.
Қоғамға қауіп төндіретін жемқорлықпен күреске қарапайым азаматтардың да қатысуы маңызды. Заң алдында параны алған да, пара берген де жауап беретінін ескерсек, көптеген азаматтар өз шаруаларын тездетіп аяқтау үшін өздері пара ұсынып жағдайды ушықтыруда. Әрине бұл әр адамның жеке ар-ожданына байланысты. Сондықтан, әрбір азамат өзінің ар-ожданына үңіліп «мен осы жемқорлықтың асқынуына үлесімді қосып жүрген жоқпын ба?» - деген сұрақ қойып, өзі оған жауап беруі тиіс. Рас, жемқорлықтың пара талап ету, мемлекет мүлкін жымқыру, талан-таражға салу, қызмет бабын асыра пайдалану секілді көріністер жиі кездеседі, және мұның аса қауіпті екені де ешкімге құпия емес. Қалай десек те жемқорлық қоғамның жауы, ал біз сол қоғамның мүшесіміз.
Яғни, әр азамат жемқорлықпен өз жауындай күресуі керек деп өз сөзін қорытындылады.

28 қыркүйек 2022 ж. 434 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728