» » Ана мен бала өмірін сақтау - басты назарда

Ана мен бала өмірін сақтау - басты назарда

Қызылорда өңірінде жыл санап ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеп келеді. Мәселен соңғы 3 жылды айтар болсақ, 2020 жылы 12 жағдай, 2021 жылы 10, 2022 жылы 5 өлім көрсеткіші тіркеліп отыр. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіш, яғни ана мен бала денсаулығын жақсарту бойынша нақты қадамдардың нәтижесі.
Ана мен бала денсаулығы облыс әкімінің тікелей бақылауында.
Өткен аптада облыстық ана мен бала орталығында орын алған оқиғаға орай, облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен арнайы штаб отырысы өткізілді. Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» Қызылорда облыстық филиалының басшылары және барлық медицина ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты.
Ана өлімі жағдайында олқылыққа жол берген жауапты басшылар мен оның қызметкерлеріне тәртіптік шара көріліп, оқиғаға байланысты комиссия тобы жұмысын бастады.
Қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталықта орын алған ана өлімі жағдайына сәйкес сот-медициналық сараптама жүргізілуде. Сараптама қорытындысымен тиісті шаралар қабылданатын болады.
Мұнан бөлек, бұл өзекті мәселе облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібінде көтеріліп, депутаттардың назарына ұсынылып, әкімдіктің алдағы кеңейтілген жиынында қаралатын болады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта мұндай оқиғаларды болдырмау үшін нақты шаралар қабылданады.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

22 қыркүйек 2022 ж. 530 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 341

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930