» » Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында штаб отырысы өтті

Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында штаб отырысы өтті


Облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменованың қатысуымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Мағрипа Ембергенованың төрағалық етуімен Қызылорда облысы бойынша ана және сәби өлімін төмендетуге арналған штаб отырысы өтті.
Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов Сабит, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалия Байменова, ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы Сауле Налибаева қатысты.
ҚР ДСМ Ана денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халыкова «Республикада 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылдың 1 тоқсанының нәтижесімен ана өлімі бойынша ағымдағы жағдайды» баяндаса, «Қызылорда облысы бойынша босандыру саласында өзекті мәселелер және оның шешу жолдарын» «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Динара Мирзахметова«Республикада және Қызылорда облысы бойынша сәби шетінеуі жағдайлары» – «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау» және «Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделі» бойынша Республикалық координатор – Н.Г.Ким, «Қызылорда облысы бойынша медициналық көмек көрсету сапасының бағалауда арнайы мониторингтік топ жұмысының анықтамасын» «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медициналық Университетінің» акушерия-гинекология кафедрасының басшысы Светлана Шиканова  жеткізді.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше облыс бойынша акушер-гинекологпен – 93%, анестезиолог-реаниматологпен – 70,0%, неонатологтармен – 90,3% қамтылған. 2022 жылы 20 маман оқуын аяқтап, жұмысқа қабылдануы жоспарланып отыр. Оның ішінде анестезиолог-реаниматолог – 7, акушер-гинеколог – 4, неонатолог – 1.
 «UMC» КҚ базасында туа біткен аномалиялардың скринингтік зерттеуін жетілдіру мақсатында «Ерте пренаталды скринингтегі заманауи әдістер» тақырыбында 5 УДЗ мамандары білімін жетілдірді, алдағы уақытта жоспар бойынша мамандар жолданатын болады.
Облыстық перинаталды орталықта нәрестелер жансақтау бөлімшесіндегі реанимациялық керуеттер ауданы қайта қарастырылды.
Сонымен қатар, нәрестелер-жансақтау бөліміне 4 теонды ауа залалсыздандырғыш, 15 инфузомат алынды. Орта буын қызметкерлерінің нормативті штаты қайта қаралып, 1 мейірбике, 2 науқас (1/2) арақатынасы бекітіліп, тәуліктік ем-шара мейірбике посты ашылды. Босану бөлімінде және оперблокта кіндікбау кесу алдында «30 секунд дауыстап санау» әдісі жандандырылды.
Жүкті әйелдер мен нәрестелерге және 5 жасқа дейінгі балаларға арналған патронаждық әмбебап-прогрессивті моделі бойынша патронаждық қызмет жұмысын жандандыру мақсатында жауапты облыстық координатор бекітілді және супервизия жүргізу үшін 3 топ құрылып, облыстағы емдеу мекемелеріне жоспар бойынша мониторинг жүргізілетін болады.
Шала туылған және қауіпті топтағы балаларға мониторинг жүргізу көпбейінді облыстық балалар ауруханасында катанамнестикалық кабинет арқылы жүзеге асырылуда.


07 сәуір 2022 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 342

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 425

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930