» » Қоғам үшін қауіпті дерт

Қоғам үшін қауіпті дерт


Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.
Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес  жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады. Мемлекеттік билік органдарына сенімді жəне кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне, сондықтан да біз жоғарыда атап өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50%-ға дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппаратпен коррупциялық қарым-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың  көбеюі  қауіп тудырып отыр.
Мемлекеттік аппаратпен ұйымдасқан қылмыс арасындағы байланысты бұзу сыбайластыққа салынған қызметшілермен ұйымдасқан қылмысқа берілген мықты соққы болып табылады. Əрине, бұл өте күрделі мəселе. Мұны орындау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы кешенді бағдарлама жасау қажет. Осындай шаралардың өз өкілеттіліктерін ұйымдасқан қылмыстың топ мүддесі үшін пайдаланатын қызметшілердің қылмыстық жауакершілігін күшейткен жөн болар еді.

Айгүл Қозбақова,
Қармақшы аудандық Қазынашылық басқармасы
төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу тобының
бас маман бас қазынашысы
09 қыркүйек 2022 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031