Бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі және оны орындамаудың салдары
Елімізде бейбіт жиналыстар өткізу мәселесіне қатысты қатынастар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңымен реттеледі.
Бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара.
Пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны оны ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін бес жұмыс күн бұрын береді.
Бұл хабарламада: бейбіт жиналыстың мақсаты, нысаны, ұйымдастырушы туралы мәліметтер, өткізу орны, басталатын және аяқталатын күні, уақыты, қатысушылардың болжамды саны, киіз үйлер, шатырлар мен өзге де құрылысжайлар орнату туралы мәліметтер, Заңда көзделген жағдайларда дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын пайдалану ниеті, өткізу регламенті, ұйымдастырушының (өкілінің) электрондық пошталық мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, өз дербес деректерін жинауға, өңдеуге келісімі, қаржыландыру көздері, хабарламаның берілген күні және ұйымдастырушының (өкілінің) қолтаңбасы көрсетіледі.
Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналысты ұйымдастырушыға бейбіт жиналыстарды өткізу немесе оны өткізуден бас тарту туралы және оның орнын және (немесе) уақытын өзгерту ұсынысы туралы шешімдерінің бірін хабарлайды.
Хабарламаны қарау мерзімі өткен соң жергілікті атқарушы органның жауабы болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізеді.
Осы саладағы қатынастарды реттейтін заңнамалардың нормаларын бұза отырып бейбіт жиналыс өткізуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу әрекеттері үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабында (25 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу) және Қылмыстық кодекстің 400-бабында (екі жүз АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады) жауаптылық көзделген.
Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында және заңмен белгіленген тәртіпті сақтамаған тұлғаларды тиісті жауапқа тартуда барлық тиісті шараларды қолданады.

Қармақшы аудандық прокуратурасы