» » Еңбекқорлық формуласы (ВИДЕО)

Еңбекқорлық формуласы (ВИДЕО)



Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы. Алпыс жылдан астам тарихы бар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі аймағымыздағы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын іргелі білім ордасы.
Құрылған уақыттан бері бұл оқу орнын 10000-ға жуық маман бітірген. Бүгінде колледж түлектері облыста ғана емес, республикамызда табысты еңбек етуде. Соның бірі – «Үздік түлек» айдарының кейіпкері Елдос Есжанов.
Елдос Аятжанұлы – Шиелі индустриалды-аграрлық колледжін 2016 жылы бітірген. Әке жолын жалғастырған ол аталған оқу ордасын «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Колледж қабырғасында теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білген Елдос көптеген аудандық, облыстық, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Елдос бүгінде «Байсын» шаруа қожалығында бас инженер болып жұмыс жасайды. Біздің кейіпкеріміз жастарды ерінбей еңбек етуге, ауыр жұмыстан қашпауға, мамандықты терең білуге шақырады.
«Өз ісінің білгірі һәм шебері болу табысты болудың кілті» – дейді ол.



13 маусым 2022 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031