Құрылтай
» » Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде тоқтатылды

Неке бұзу туралы азаматтық іс медиация тәртібінде тоқтатылды



Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Ж.Ә.-ның жауапкер А.Қ-мен араларындағы заңды некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы өз талап қою арызында жауапкермен заңды некеде тұрғандарын, жанұядағы келіспеушілікке байланысты бірге тұру мүмкін емес екенін мәлімдеп, соттан арадағы некелерін бұзуды сұрады.
Татуластырушы судья тараптарды бітімге шақырып, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде тараптар өзара келісім жасасып, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Қармақшы аудандық баспасөз қызметі
26 мамыр 2022 ж. 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31