» » Табиғатты сақтауға бәрі үлес қосса екен...

Табиғатты сақтауға бәрі үлес қосса екен...

БАРША ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАСТАРЫН ОСЫ ХАТЫМ АРҚЫЛЫ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРАМЫН. СЕБЕБІ «КИЕЛІ ТАБИҒАТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕПТЕ КӨПТЕГЕН ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛЫП, ВИДЕОРОЛИКТЕР ТҮСІРІЛДІ.
Менің әжем Кенішкүл Үбжа­рова «Біздің кезімізде ауру түрі қазіргідей көп болған емес. Ауа таза, жейтін тағамдар да өте таза, бәрі де табиғи өнім болушы еді» деп айтып отырады. «Көп тағам түрі болмайтын. Өзіміздің баққан малдың етін, сүтін азық етеміз. Бидай егіп, келіге түйіп кеузеп, кебегін алып, тас диірменмен талқан тартатын едік. Бір реттік пайдаланатын зиянды қалта, пакеттер де ол кезеңде атымен жоқ. Не нәрсені де Жер-ана мен Табиғаттың сы­й­ынан ырзық етіп алатынбыз» деп те күрсінеді кейде.
Жалпы пластик қалталар мен бөтелкелер, химиялық қалдық заттардың зияндығы баршаға аян. Оларды өртегенде ауаға денсаулыққа аса қауіпті иіс тарап, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын жандарға едәуір зиянды әсерін тигізеді. Қалаға барғанда басымыз ауы­рып қайтады. Көліктің түр-түрі жүріп жатыр, қоқыстар да кездесіп қалады. Мұндай жағдай қалада да, ауылда да орын алып отыр. Бұрын ауылда саф ауа, табиғат таза күйінде болатын. Дегенмен ауаны, жерді, суды қорғау үшін жаңа заманға сай жаңалықтар тезірек пайда болса екен деп армандайсың.
Биылғы Балалар жылы аясында эко-әлем бағыты бо­йынша республикалық жобаға қатыстым. Жоба негізінде біз, жасұландықтар, табиғатты қо­қыс пен зиянды заттардан қорғауды үйрендік, эко­мәдениетімізді дамытып, кие­лі табиғат жобаларын қол­дап, акцияларға қатыстық. Ауы­лы­мыздың көшелерін тазар­туға атсалыстық. Өткен іс-шаралардан кейін өзім ғылыми жоба жазып, қорғауға мотива­ция алдым. Онда жүргізген жұмы­сымды слайд, видео арқылы көрсетіп, жоғары дәрежеде ал­ғысқа ие болдым.
Болашақта мен осы жобаны­ дамытып, жерімді зиянды қо­қыстан қорғайтын, елімді гүл­дендіретін жаңалықтар ашқым келеді. Барша оқушыларды да игі шараларды қолдап, елімізге пайдалы үлестерін қосса деймін.

Тоғжан ДҮЙСЕНҚЫЗЫ,
Т.Ізтілеуов атындағы
№29 орта мектептің
оқушысы
24 мамыр 2022 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728