» » Акция аясында оқушылармен кездесті

Акция аясында оқушылармен кездесті

                       
КӨЛІКТЕГІ ПД, Қызылорда ст. ЖПб-не қарасты Жосалы ст. ЖПб-нің қызмет ету аймағында ағымдағы жылдың мамыр айының 17-25 жұлдыздары аралығында «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар!» акциясы өтуіне байланысты Қармақшы ауданы, Жосалы станциясының темір жол маңына жақын орналасқан С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің оқушыларымен кездесу ұйымдастыру мақсатында Жосалы ст. ЖПб-нің қызметкерлері аталған мектепке барды. Кездесуге оқушылармен қатар мектептің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Көшербаева қатысты.
Сөз сөйлеп кездесуді ашқан Жосалы ст. ЖПб-нің бастығының м.а. полиция аға лейтенанты Ш.Серикбеков: «С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің темір жол маңына жақын орналасқандықтан біз үшін темір жол аймағы өте қауіпті аймақ болып саналады, темір жол аумағынан өтер алдында ең алдымен темір жол бойында жүріп келе жатқан поездың бар-жоғына аса мән беру қажет. Сонымен қатар, темір жолға жақын орналасқан әрбір тұрғындардың назарына осы бағытта құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, керісінше қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесіп, кез-келген азамат құқық бұзушылықты байқап селқостық танытпау керек. Оқушылар және ересек адамдар жолдың арғы бетіне өту үшін темір жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өтеді, бұл өте қауіпті болып саналады, темір жол бойынан өтуге болмайтындығын сынып жетекшілері және ата-аналары оқушылардың үнемі есінет салып отыруы қажет, темір жол аумағы қауіптілігімен қоса қазіргі таңда оқушылар арасында жолаушылар поездарының әйнектеріне тас лақтыру деректері орын алуда, бұл жағдай поезд ішінде жолаушылап келе жатқан жолаушылардың өміріне қауіп туғызады. Сондықтан бұндай әрекеттерге жол бермеуіміз қажет. Мұның салдары шығынның орнын толтырумен қоса қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертемін» - деді.
Келесі сөз кезегін сөз сөйлеп толықтырған С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Көшербаева жалғастырды. Ол өз сөз кезегінде: «Темір жол қауіпті аймақ саналуына байланысты, темір жолдан өтер кезде арнайы жаяу жүргіншілерге арналған өтпелі көпірді пайдалану қажет екенін айтты, және жолаушылар поездарына тас лақтыруға немесе жүк поездарының алдынан шығуға болмайтынын айтты. Сол жөнінде сынып жеткшілері сынып тәрбие сағатында үнемі айтып жеткізіп отырулары қажет» - екенін айтып кетті.
 
20 мамыр 2022 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031