» » Темір жол – қауіпті аймақ

Темір жол – қауіпті аймақ


«Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында жиын өткізілді. Оның негізгі мақсаты – Жосалы станциясының темір жолға жақын орналасқан №250-шы Т.Көмекбаев атындағы мектеп лицейдің 9-11 сынып мектеп оқушыларына темір жол аймағы қауіпті аймақ екенін айтып, сонымен қатар темір жол жолдарымен жүруге, темір жолда тұрған вагондардың төбесіне шығуға, темір жолдардың белгіленбеген жерлерінен өтуге қатаң тиым салынатынын айтып өту. Жиынға қатысып сөз сөйлегендер Т.Көмекбаев атындағы №250-шы мектеп лицей директоры Г.Мұнарбаева және сынып жетекшілері, Жосалы ст.ЖПб-нің бастығы, полиция майоры К.Әлиев және Жосалы станция ПЧ-60 мекемесінің аға жол шебері Е.Омаров, Жосалы ст.ЖПб бастығы полиция майоны К.Әлиев. Түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс жерлерде ата-ананың еріп жүруінсіз жүрмеулерін ескертті. Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әрбір құқық бұзышылықтың өз дәрежесімен қолданылатын шаралар жайында тоқталып өтті. Сонымен қатар ешкім де тегіне қатысты, әлеуметтік және мүліктік жағдайы, жынысы, ұлты , тілі, дінге қатысты зорлық-зомбылыққа басқа да қатыгез адами қасиетін төмендететін әрекетке ұшырамауы керек екендігін айтты.
Мектеп директоры сөз алып, мектепте жалпы тәртіптің сақталу керектігі, күнделікті сабақтарынан қалмауын, егер де сабақтан себепсіз қалған оқушылардың ата-анасына әкімшілік шара көрілетіндігін ескертті. Әр сынып жетекшілері өз оқушыларының, әсіресе қыз балалардың сабақтан тыс уақытта өзін-өзі дұрыс ұстауы мен тәртібі жөнінде атап өтті.
  К.ӘЛИЕВ,
Жосалы ст.ЖПб-ның бастығы,
полиция майоры


07 сәуір 2022 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930