» » Бақыт мекені

Бақыт мекені


Балалар жылы аясында «Жас ұланның жұлдызды жылы» отбасылық тәрбие арқылы отбасылық дәстүрді сақтауға және отбасының әлеуметтік-мәдени құндылықтарын қалыптастыру бағытында ата-аналармен байланысып, 2-10 сыныптардың барлық ата-аналарына «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында бейнеролик түсіру тапсырылды.
Бұл іс-шараға бастауыш сынып оқушылары жақсы қатысты. Нәтижесінде отбасындағы тәрбиенің, мейірімнің, балалық шақтың шаттығын байқадық. Бақытты балалық шақ бақытты отбасынан бастау алады. Үздік бейнероликтер «Сыр тәлімгері» желісіне жарияланды. Бұл акцияға 21 бейнеролик қабылданды. Нәтижесінде бірнеше отбасының әлеуметтік құндылықтары ортаға салынды.
«Отбасы – бақыт мекені» деген сөз­дің өзіне терең үңіліп көрсек, барша баланың ең еркін, ең жылы ұясы. Отбасы адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасатын мекені. Зере Қалдыбек, Фатима Мархабатова, Мағжан Мұстафа, Инабат Саматбекова, Инабат Жаңбырбаева, Әміржан Бауыржандар белсенді қа­тысқаны үшін марапатталды. Акцияға үлесін қосқан 3-сынып жетекшісі Жаннұр Рахымбаеваның ата-аналармен ашық байланысы тәнті етті. Ол отбасында 4 баланың анасы. Мектеп партасында отырған оқушыларын шын жақсы көріп, қуанта білді.
Бибігүл АЙТБАҚАЕВА,
№29 мектеп тәлімгері
18 мамыр 2022 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

№58 (10426)

05 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 207
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031