» » Ақтөбе ауылының тұрғындары Президент бастамасын қолдайтындықтарын айтты

Ақтөбе ауылының тұрғындары Президент бастамасын қолдайтындықтарын айтты

«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі, Ғалым Әміреев Қармақшы ауданындағы Ақтөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Басқосуда фракция мүшесі жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, ауыл азаматтарына дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Кездесуде қатысушылардың сұрағына нақты жауап берген Мәжіліс депутаты әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды.
«Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз. Бұл қадам ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пікірінің қаншалықты маңызды екенін, жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына сеніммен қараңыздар. Конституцияға ұсынылып отырған түзетулердің ел үшін маңызы зор, олар қазір белсенді трансформация кезеңіне өтіп жатқан қоғамға бағдарланған. Осы ортақ істе біз қазақстандықтар ретінде өзіміздің азаматтық ұстанымымызды көрсетуіміз керек– деді депутат Ғалым Әміреев.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары депутаттарға өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатынын жеткізді.
16 мамыр 2022 ж. 619 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031