» » Бәленің бәрі желіде

Бәленің бәрі желіде


ҚАЗІР НЕ КӨП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ КӨП. ДАМЫҒАН ЕЛДЕРМЕН ИЫҚ ТІРЕСЕМІЗ ДЕП ЦИФРЛАНУДАМЫЗ. БІРАҚ ДҰРЫСЫНАН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰМЫТЫП ЖАТҚАНДАЙМЫЗ. ҚАЛАЙ ДЕЙМІСІЗ?
Мәселен, Вконтакте әлеуметтік желісін ашсаңыз, құдды «сауда» орталығына тап болғандайсыз. Жап-жас қыз-жігіттер ашықтан-ашық сурет пен видео жүктейді, танысады. Қайбір жылдары «Синий кит» ойыны да осы желіден пайда болып, жасөспірімдер өзіне қол салды емес пе? Одан соң діни экстремизмге әкеп соғатын түрлі топтар өріп жүр. Ал қазір Фейсбук – арыз-шағым жәшігіне айналған. Егер шынайы ақпаратқа сүйеніп, қажет ететін жауапты бірінен-бірі талап етсе, жөн-ақ. Жоқ, әркімнен естіген қаңқу сөзді желеу етіп, бірі-біріне күйе жағудан та­йынбайтындар көбейгені өкінішті. Өзіне «атақ» іздеп, екіншісінің аяғынан шалатындар, рейтингі, лүпілі мен пікірі азайғанда билікті жамандап, әлдене керек болса жақтап шыға келетіндер де аз емес. Біреуі екіншісінің жеке өміріне қол сұғып, видео, сурет жүктеп сыртынан салып жіберетіндер де баршылық. Тек «ұят боладыға» салып, жылы жауып қоя салады. Тіпті азан шақырып қойған есімдерді бұрмалап, мазақ етіп, әке-шешесіне тіл тигізіп, балағаттайтындар да жазасыз тайраңдап жүр. Соңғы уақытта қайырымдылықпен айналысқандардың ізінен қауесет тарады. Мұқтаж жандарды баспанамен қуантқандардың есіміне қара түсірді. «Жүрегімде иманым бар» дейтін қазақ едік. Сол имандылыққа да сызат түсіріп, «піссімілләсін» айтқан қазақты уахаббис еттік. Ал жастардың санасын улап жатқан атеистік, тәңіршілдік сенімді осы әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр, насихаттап жатыр. Біріне-бірі жаққан күйенің нәтижесі жазықсыз жандардың өміріне нұқсан келтіруде. Бірі жұмысынан айырылса, бірі ар мен намыстың отына күюде. Жалпы елде әлеуметтік желілерді бұғаттауға болмас па?
Әлемде интернет желісін бұғаттау жағынан Солтүстік Корея бірінші орында тұр. Бұл елде ғаламтор желісіне толықтай тыйым салынған. КХДР-да интернет желісін тек ұлттық қауіпсіздік қызметі, ғалымдар және жоғары лауазымды шенеуніктер ғана пайдаланады. Ал қалған қарапайым халық толықтай сүзгіден өткен «Кванмен» желісін тұтынады екен. Бұл желіге тиісті ведомство арнайы тексерістен өткен ақпараттарды ғана жариялайды. Бір сөзбен айтқанда қазіргі уақытта Солтүстік Корея халқы сыртқы әлеммен байланысын үзген. Олардан кейін өзінің жеке интернет әлемін қалыптастырған Қытай. Мұнда ел билігі ғаламторға арналған «Алтын қалқан» жобасын іске қосқан. Жобаны 2 миллионға жуық арнайы қызметкер бақылауда ұстауда. Бұдан бөлек Қытайда Google, Facebook, Twitter, YouTube, Instagram сияқты әлеуметтік желілер толығымен бұғатталған. Олардың орнын қытайлық әлеуметтік желілер басқан. Аталмыш әлеуметтік желілерге жеке куәлігің арқылы ғана тіркеле аласың.
Иран Ислам Республикасында да интернет шектелген. Ресми Тегеран рес­публика бойынша Facebook, Twitter, YouTube, Whatsapp, Viber, ВКонтакте және Яндекс желілерін бұғаттаған. ТМД елдері арасында әлеуметтік желілерді бұғаттау жағынан Түркіменстан алдына жан салмай тұр. Мұнда тек бір ғана «Түркіментелеком» мемлекеттік сервер жұмыс істейді. Оған балама бір де бір сервер жоқ. Ғаламторға шектеу қоятын елдердің келесі легін Түркия, Пәкістан, Вьетнам және Венесуэла жалғастыруда. Сарапшылар аталмыш елдерді әлеуметтік желілерге уақытша шектеу қоятын мемлекеттердің қатарына жатқызады. Жоғарыда аталған төрт мемлекеттің төртеуі де әлеуметтік желілерге елдегі саяси жағдайға байланысты шектеу қояды. Бұл тізімге Қазақстанды да кіргізуге болады. Себебі Қазақстан билігі де әлеуметтік желілердің жұмысына белгілі бір уақыттарда тосқауыл қояды. Бұл тек арандатушылық ниеті бар, халықты түзу жолдан тайдыратын кей оппозициялық адамдардың тікелей эфирге кіретін уақытында ғана.
Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде интернет бірнеше күнге бұғатталды. Сол кезеңде тек теледидардан жаңалықтар ғана көргендер ғаламторда уланған ойын өзгерте бастады. Интернеттің пайдасы көп, ол тек пайдалана білген адамға. Ал өз күнін әлеуметтік желілерде өзгенің тірлігі мен шаруасына араласудан табатын жандардың ғаламтор-ғұмыры қысқа. Ондай «қызметпен» өрлеу ешкімге, ешқашан абырой әкелген емес. Қош. Елдегі әлеуметтік желілерді бұғаттау әзірге бізде бола қоймас. Мейлі бұғатталсын, мейлі бұғатталмасын. Бірақ адам «Он күнәнің тоғызы тілден екенін» ұмытпаса дейсің.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
19 сәуір 2022 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031