» » Қызылордада республикалық пәндік олимпиада басталды

Қызылордада республикалық пәндік олимпиада басталды



Бүгін Қызылорда облысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Білім сынағы 25-30 сәуір аралығында өтеді.
Олимпиада офлайн форматта «USTUDY» тестілеу орталығы базасында «Бір қатысушы, бір компьютер, бір камера» форматы бойынша жүргізілуде.
Білім сынағына облыс бойынша жалпы жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша 83 оқушы және Назарбаев Зияткерлік мектебінен 2 оқушы қатысып, бақ сынауда. Ал, 18-19 сәуір күндері биология, физика, география, математика, информатика, химия пәндері бойынша 46 оқушы қатысуда.
Білім бәсекесінің ашықтығын бақылау үшін мүдделі емес үшінші тұлғалар – «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бақтыбаева, «Адалдық алаңы» мүшелері мен «Дарын» республикалық орталығының жауапты қызметкерлері қатысуда.
Айта кетейік, олимпиаданың өткізілу барысы тікелей эфир арқылы YouTube желісінен қадағаланып, Syr-daryny.kz сайтында жарияланатын болады.


18 сәуір 2022 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930