» » Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 пайызға артады

Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 пайызға артады



Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасының 35 пайызға көбейтілетінін мәлімдеді.
«Биыл біз ауыл квотасын 35 пайызға дейін арттырамыз. Осылайша квота тағы 5 процентке өседі. Үкіметке тиісті ұсыныс енгізілді», – деді Ерғалиев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл квотасы көп жағдайда игерілмей жатады. Оны жыл сайынғы статистика да растап отыр. Себебі мектеп түлектері ондай мамандықтарға құжат тапсырмайды.
«Гранттар жетіспей жатқан жоқ, мемлекеттік тапсырыс жетеді. Мәселе мынада, жастар ауылдағы мамандықтарға бармайды. Себебі жалақысы аз, мәртебесі төмен, әлеуметтік пакеті де мардымсыз. Бұл – кешенді проблема. Мысалы, былтыр 21 процент грант игерілмей қалды», – деп атап өтті Ерғалиев.
Ал мәжіліс депутаты Павел Казанцевтың ойынша, бүгінде қала балалары ауыл квотасын өз пайдасына іске асырып жатады.
«Әріптестерімнің айтуына қарағанда, сол 30 пайыздық квотаға қала балалары да кіріп кетеді. Оқу соңында ауылға үш айға барады да, квотасын алғаннан кейін кетіп қалады, ветеринарияда қалмайды», – деді спикердің орынбасары.
Айта кетсек, ауыл квотасының нақты мамандықтары бар. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды. Ал конкурс кезінде гранттардың 30 пайызы тек ауыл балаларына ғана бөлінеді. Биылдан бастап оның көлемі 35 пайызға дейін артады.



04 сәуір 2022 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930