» » Мемлекеттік білім гранттарының саны артады

Мемлекеттік білім гранттарының саны артады

2022 жылы қазақстандық ЖОО-ларда оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша, мемлекеттік гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін көбейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінетін болады.
Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады. Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.
«Осылайша, Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, өткен жылы бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар санын ұлғайттық. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ отбасыларында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады», деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.




20 қаңтар 2022 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031