» » Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 50 мың балаға колледжде оқу гранты берілді

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 50 мың балаға колледжде оқу гранты берілді

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі әлеуметтік осал топтардан шыққан 50 мыңнан астам балаға колледжде оқу грантын тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Осыған дейінгі жылмен салыстырғанда жеңілдіктер бойынша оқуға түскен талапкерлердің саны 16 мыңға артқан. Бұл жеңілдік санаттарының тізімін кеңейтудің нәтижесінде мүмкін болып отыр.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың колледждерге түсуі үшін квоталар енгізілді. Бұл жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар. Сондай-ақ квота бойынша мемлекеттік білім гранттарын ауыл жастары да иеленді", – деп атап өтті ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.
Биыл еліміздегі колледждерге 9-11 сыныптардың 95 мыңнан астам түлегі оқуға түсті. Әсіресе медициналық және шығармашылық мамандықтар сұранысқа ие болды. Биыл колледждерге қабылдау 25 маусымда басталып, 31 тамызға дейін жалғасты.
Гранттар "ақша студентпен бірге жүреді" қағидаты бойынша бөлінді, бұл орын алған жаңашылдықтардың бірі. Яғни, егер бұрын-соңды мемлекеттік тапсырыс орындарын колледждер бойынша комиссия бөлетін болса, енді бұл процесс барынша ашық бола түсті. Жаңа ережеге сәйкес, талапкер қай колледжді таңдаса, бюджет қаражаты да сол оқу орнына бағытталады.
Сонымен қатар, егер бұрын талапкерлер тек 1 мамандық пен 1 колледжді ғана таңдай алса, биыл түлектерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдау мүмкіндігі берілді. Гранттарды бөлу ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылды. Бұл да ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.
08 қыркүйек 2021 ж. 488 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930