» » Үстел теннисінен үздіктер қатарында

Үстел теннисінен үздіктер қатарында


Жақында Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында «Дене шынықтыру және спорт кешенінде» «Абзал и К» ТС жүлдесі үшін үстел теннисінен жасөспірімдер мен жас жеткіншектер арасында облыстық турнир өтті. Онда жерлесіміз Айару Аязбаева ІІІ орынға қол жеткізіп, Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.
Облыстық турнирге 7 ауданнан 35 спортшы қатысса, 5 топтан 7 ойыншы шығып өнер көрсеткен. Ал финалдық бәсекеге 2 спортшыдан шығып отырған. Соның ішінде жас спортшымыз Айару екі қарсыласынан ғана жеңіліп ІІІ ор­ын­ға табан тіреді. Осылайша 2007 жылғылар арасында өтетін ҚР чемпионатына жолдама алды.
А.Аязбаева Байқоңыр қаласындағы №275 мектептің 3 сынып оқушысы. Ол үстел теннисімен 5 жасынан бас­тап айналысып келеді. Спортта жүріп аудан аралық жарыстардан және облыстан екі рет жеңімпаз атанған. Жаттықтырушысы шәкіртінің бұл спортқа деген ынтасы ерекше екенін жеткізді.
– Шәкіртімнің спортқа қызығ­у­шылығы өте жоғары. Ол дайындықтан ешқашан қалған емес және менен бұрын келіп отырады. Айтқаныңды тез қағып алып, соны орындап береді. Жарыстарда өзін көрсете алады. Жалпы спортшының психологиясы мықты болса, ол кез келген жерде өзін алып шығады. Одан бөлек, басқа да жеңіс тұғырынан көрініп жүрген шәкірттерім бар. Қазір олармен қызу дайындық үстіндеміз, – деді жаттықтырушы Азамат Сайлаубекұлы.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
15 наурыз 2022 ж. 736 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930