» » Банктер қолма-қол валюта айырбастауға қатысты үндеу жасады

Банктер қолма-қол валюта айырбастауға қатысты үндеу жасады



Қазақстандық банктер үндеу жасап, қолма-қол доллар не себепті жоқ екенін түсіндірді.
Тұрғындар айырбастау пунктері мен банктерде қолма-қол доллар мен валюталық депозиттен қаражат алу мүмкін емес екенін айтып шағымданып жатыр.
Екінші деңгейлі банктердің бірлескен үндеуінде шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соғып отырғаны айтылған.
«Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Ал валюта сіздің шотыңызда сақталады. Оны онлайн-банкинг арқылы тексере аласыз», – делінген үндеу мәтінінде.
Банктер қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты қиындық тек уақытша деп сендірді.
«Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банкпен бірге жұмыс істейміз», – деді олар.
Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады.
Бұған дейін Ұлттық банк валюталық операцияларды шектеу туралы тапсырма бермегенін мәлімдеді.


11 наурыз 2022 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

№63 (10531)

22 тамыз 2026 ж.

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 730
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31