» » Үкімет халықтың табысын арттыру үшін қаулы әзірледі

Үкімет халықтың табысын арттыру үшін қаулы әзірледі

Ұлттық экономика министрлігі халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы Үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.



Халықтың табысын 2025 жылға дейін арттыру жөніндегі шаралар кешені төрт бағытты қамтиды:
  1. Халықтың еңбек табысын арттыру;
  2. Ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту жолымен халықтың табысын арттыру;
  3. Кірістердің сатып алу қабілетін қорғау;
  4. Кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Бірінші бағыт бойынша жалдамалы жұмыскерлердің еңбек кірістерінің өсуін, еңбек өнімділігін арттыру және өндірістік дағдыларды дамыту жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.
Екінші бағыт бойынша АӨК, өңдеу өнеркәсібін, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру жолымен, оның ішінде халықтың дағдылары мен біліктілігін арттыруды және жастарды қолдауға баса назар аударуды ескере отырып, жаңа жұмыс орындары құрылады.
Үшінші бағыт бойынша бағаны тұрақтандыру және төмендету, ішкі нарықты молықтыру және халықтың шығындарын қысқарту бойынша шаралар іске асырылмақ.
Төртінші бағыт бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу және азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.
ҰЭМ атап өткендей, халық табысының ағымдағы жағдайы теріс үрдіске ие. Осылайша, номиналды кірістердің тұрақты оң динамикасына қарамастан, 2010 жылғы 39,2 мың теңгеден 2021 жылы 128,4 мың теңгеге дейін (қаңтар-қараша), халықтың нақты кірістерінің өсу қарқыны төмендеуде (2019 жылы 6,4%, 2020 жылы 4,3%, 2021 жылдың 11 айында 3,1%).
Бұл экономикалық өсудің баяулауымен (2020 жылы -2,5%, 2021 жылдың 9 айында 3,6%) және 2022 жылы сақталатын жоғары инфляциялық қысыммен (2020 жылы 7,5%, 2021 жылы 8,4%) байланысты.
Өңірлер арасында ЖӨӨ бойынша алшақтық сақталып отыр. Мысалы, егер ЖӨӨ деңгейі бойынша 2010 жылы Алматы қаласы Солтүстік Қазақстан облысынан 8,7 есе көп болса, 2020 жылы алшақтық 10 есе мөлшерде болды.
Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша өңірлік теңсіздіктегі алшақтық одан да маңызды. Мәселен, Атырау облысында бұл көрсеткіш 2020 жылы Түркістан облысы бойынша көрсеткіштен 17 есе көп болды.
Бұдан басқа, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуі байқалады (2017 жылғы 2,6% - дан 2020 жылы 5,3% - ға дейін).
Құжат 18 наурызға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.



04 наурыз 2022 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031