» » Сенатор «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қайта қарауды ұсынды

Сенатор «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын қайта қарауды ұсынды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар ел Президентінің Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне Асылов Берік Ноғайұлын тағайындауына келісім берді. Мемлекет басшысының ұсынуын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сонымен қатар отырыста депутаттар арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау және олардың әскери қызметті өткеруге қатысты кейбір мәселелерін реттейтін заң жобасын қарады.
Бұл құжат тұрғын үй төлемдерінің тәртібін жетілдіруді және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерді, ал олар қаза тапқан жағдайда – олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз етуді көздейді. Жаңа нормаларға сәйкес енді мүгедектігі бар бала асырап отырған, оның ішінде отбасында жасына қарамастан бала күнінен мүгедектігі бар адамдар бар арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерге өздері тұрып жатқан қызметтік баспананы өтеусіз алу құқығы беріледі. Осы заң жобасын қабылдау арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілерді, олар қаза тапқан жағдайда – олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғауды жақсартуға жол ашады.
Сонымен қатар заң жобасында қызметтік әдептен айнымау, әскери мүлікті сақтау және тағы басқа бағыттар бойынша әскери қызметшінің міндеттері толықтырылған. Заң жобасы арқылы азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді айқындау тәртібі Үкіметке жүктеледі. Осы және басқа да нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған.
«Әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыстары аса жауапты екені белгілі. Сол себепті оларды және олардың отбасы мүшелерін құқықтық, материалдық және әлеуметтік қорғау – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан қаралған заң жобасы әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтарын қосымша реттеуді көздейді. Сондай-ақ әскери және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері де қамтылған», деді Мәулен Әшімбаев.  
Заң жобасын қарау барысында сенаторлар ұсынылған өзгерістерді қолдады. Сондай-ақ құжатқа әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелеріне қатысты кешенді тәсілдерді қамтамасыз етуге арналған бірқатар түзетулер енгізілді. Соған байланысты заң жобасын Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.
Отырыс кезінде сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын да жолдады.
Бейбіт Исабаев жұмыссыздық мәселесін тиімді шешу үшін елімізде қалыптасқан еңбек нарығына терең әрі жан-жақты талдау жүргізуді ұсынды.
Мұрат Бақтиярұлы азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың құрамы мен құрылымын оңтайландыру және халықаралық тәжірибені зерделей отырып, осындай әскери даярлық жүйесін жетілдіру мәселесін көтерді.
Ләззат Сүлеймен «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын іске асыру тетіктерін қайта қарауды және оның аясын кеңейтуді ескере отырып, жобаны әрі қарай жетілдірудің маңызды екенін екенін айтты.
Нұртөре Жүсіп 2023 жылы Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толатынына назар аударып, бұл мерейтойды халықаралық деңгейде атап өту үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесіне тоқталып өтті.
Бекболат Орынбеков Жамбыл облысында аймақтағы су тапшылығын азайтып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 3 жаңа су қоймасын салу жобаларын қаржыландыру мәселесін сөз етті.




03 наурыз 2022 ж. 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031