» » Жаңа идея – жаңарған Қазақстан

Жаңа идея – жаңарған Қазақстан




Қазақ елі Тәуелсіздік алғанына 30 жылда тарих парағында Егемен Ел ретінде озық ойлардың, биік идеялардың, өркенді экономиканың даму сатысында болды. Еліміз түрлі дағдарыстардың шешімін тауып, бейбіт ел ретінде әлемге танылды. Күні кеше болған Қаңтар қасіреті – қазақ халқының ұлттық тұтастығына, береке бірлігіне, азаматтық алға ұмтылысына қиян – кескі әрекетімен тарих тағдырына таңба салды. Осындай ел дағдарған, халықтың қасіретіне айналған айтулы күннен сабақ алу бүкіл қазақ халқына серпіліс туғызды. Қазақстан басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстан жобасы жарқын болашақ үшін қырағы қызмет етуде. Қазір қоғам саяси жаңару алдында тұр. Қазақстан президенті Қ.К.Тоқаев Жаңа Қазақстан идеясы – қазақтың, Жаңа Қазақстандықтардың қолымен – жаңа қоғамда салтанат құрады деп, алға ұмтылыс жасауда. Ел басшысы Қ.К.Тоқаевтың кезектен тыс XXІІ съезін 1 – наурызға шақыру туралы шешімі оң көзқарас деп білемін. Съезде жаңаша көзқарастар жаңа идеялар, жаңа жұмыстар туралы ұсыныстар, тапсырмалар айтылады деп ойлаймын. Мың өліп, мың тірілген қазақтың берекелі бірлікпен, еселі еңбекпен, терең білімділікпен, саналы іскерлікпен қоғамды жаңарта алатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың айқын бағдары, нақты қадамы, маңыз қоя білген мақсаты халықты адастырмайды. Біз съезден жағымды жаңалықтар, тың идеялар, табысқа жетелейтін тағлымды ойлар, ақ – қараны, шындықты аша түсер оң шешімдер күтеміз.

Тасымова Зарипа Жаппарқызы
«Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі» КММ директоры,
Қармақшы аудандық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі

25 ақпан 2022 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930