» » Пробация пәрмені

Пробация пәрмені

БҮГІНГІ ТАҢДА ҚОҒАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ – БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН ШЫҚҚАН АДАМДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӘРІ ҚАРАЙ ҚОҒАМҒА СІҢІСІП КЕТУІ. АЙТА КЕТКЕН ЖӨН, ЕЛІМІЗДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕНГІЗІЛГЕНІНЕ АСА КӨП УАҚЫТ БОЛА ҚОЙҒАН ЖОҚ. БІРАҚ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕДЕ БҰЛ ҚЫЗМЕТ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
Сондай-ақ бірқатар дамыған елдерде пробация қызметі үлкен жүйеге айналып үлгерген. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған аза­маттарға әлеуметтік-құқықтық қыз­мет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа дәл келеді. Негізінен пробация сөзі қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді екен. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда заң бұзған адамдар болса, оларды бірден абақтыға жаппай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.
Пробациялық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Себебі – ел арасында қылмыс жасап, өзін қоғамға қажетсіз сезініп, алдағы өмірінен үміт үзгендер аз емес.
Осыған орай былтыр аудандық пробация қызметі пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталған азаматтарды әлеуметтендіру мақ­са­тында аудандық Жастар ресурстық ор­талығымен ынтымақтастық ме­мо­рандумы аясында бірқатар жұмыс­тар атқарды. Атап айтсақ, проба­ция есебіндегі 29 жасқа дейінгі аза­маттардың білім алуына, мамандық игеруіне, кәсіп ашумен қатар, жұмысқа да орналастырған. Сонымен қатар қажеттілікке қарай құқықтық, пси­хологиялық көмек түрлерін көр­сеткен. Бұл көмектердің пробация есебіне алынған сотталғандардың түзелу жолына түсіп, қоғамға, еңбекке тез араласып кетуіне септігі мол.
– Осы орталықтың көмегімен төрт сотталған азамат жұмысқа орналас­тырылды. Сонымен қоса тұрмыс жағдайы төмен 5 отбасыға азық-түліктей көмек беріліп, 20 сотталған азаматқа медициналық қобдиша таратылды. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. 2022 жылға да Жастар ресурстық орталығымен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алдағы уақытта сотталған азаматтармен жиі іс-шаралар өткі­зілетін болады, – дейді аудандық проба­ция қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов.
Бұл – тура жолдан адасып, жазалы болған азаматтарға деген ізгілікке толы қамқорлық. Олар түзеліп, қоғамның бір бөлшегіне айналады деген берік сенім бар. Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет екені анық.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
12 ақпан 2022 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031