» » Қазақстан шекарасынан өту тәртібі өзгерді

Қазақстан шекарасынан өту тәртібі өзгерді

Қазақстанда карантин шектеулері кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі өзгерді. Нақтырақ айтсақ, азаматтар құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттерін 15 күнде бір рет кесіп өте алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша, енді қазақстандықтарға құрлықтағы шекарадан өткізу бекеттері арқылы шекарадан 15 тәулікте бір рет құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өтуге рұқсат етілген.
Бұл ереже Қазақстанның мына азаматтарына қолданылмайды:
- елдің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары және балалары);
- шет мемлекеттердің шақыруы және Қазақстан Үкіметінің келісімі бойынша шетелге жіберілетін ҚР ресми делегацияларының мүшелері;
- шет мемлекеттердің аумағында орналасқан ҚР мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-аналары және балалары);
- ҚР үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;
- пойыз және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері және темір жол тасымалдау процестеріне, жүктерді, поездарды қабылдау, тапсыру және оларды алып жүру жөніндегі операцияларға қатысатын адамдар;
- ҚР аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсетуші персонал және шектес мемлекеттер аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсетуші персонал;
- шетелге емделуге шығатындарға Денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде (кемінде екі ересек адамның ілесіп жүруімен);
- отбасы мүшелері мен жақын туыстарын жерлеуге бара жатқан азаматтар, сондай-ақ олармен бірге келе жатқан өздерінің жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларын және қайтыс болған отбасы мүшелері мен жақын туыстарының мәйітін жерлеу орнына бірге алып жүретін адамдар;
- ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарынемдеуге апара жатқан адамдар, сондай-ақ олармен бірге жүретін ерлі-зайыптылар мен кәмелетке толмаған балаларды бағып-күтуге баратын адамдар;
- еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында шетелге шығатындар;
- мемлекеттік шекарадан өтуге және эвакуациялық рейстерге рұқсат етілген адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер;
- халықаралық жүк тасымалдарын (бір жүк көлік құралына екі жүргізушіден артық емес), жасалған келісімшарттар шеңберінде Автомобиль және арнайы көлік жеткізуді жүзеге асыратын жүргізушілер мен ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын жүк иелері-құжаттарды ұсынған кезде;
- экстрадициялау тәртібімен қабылданатын іздеудегі және сотталған ҚР азаматтар;
- теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
- Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кететін немесе иммиграциялық визалары бар азаматтар.
Бұған дейін қазақстандықтарға құрлықтағы өткізу пункттері арқылы шекарадан 30 күнде бір рет өтуге рұқсат етберіліп келген болатын.
11 ақпан 2022 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031