» » Балалар тегін саяхаттайды

Балалар тегін саяхаттайды


ПРЕЗИДЕНТ 2022 ЖЫЛДЫ ЕЛ БОЛАШАҒЫ «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» ДЕП ЖАРИЯЛАҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ОСЫҒАН ОРАЙ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛІП, АТҚАРЫЛАР ІСТІҢ МАЗМҰНЫ САРАЛАНҒАН БОЛАТЫН. ЖАҚЫНДА БАЛАЛАР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ҮШІН ТАҒЫ БІР ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ. ОЛ – БАЛАЛАРҒА ӘУЕ БИЛЕТІНІҢ ТЕГІН БОЛУЫ.
Алайда бұл барлық бағытқа балалар тегін ұша алады деген сөз емес. Балаларға арналған «Кидс гоу фри», яғни «Балалар тегін саяхаттайды» бағдарламасы қазақстандықтарды еліміздің туристік аймақтарында бүкіл отбасымен дем­алуға ынталандыруға бағытталған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап топ-10 туристік аймақ бойынша сапарды брондауға болады. Мұнда балалардың әуе билетін субсидиялау жүзеге асырылады. Бұл арқылы Үкімет ішкі туризмді дамытуға күш салғалы отыр. Бірақ әзірге туроператорлардан жеңілдіктің мұндай түріне сұраныс түспепті.
Бұл бағдарлама – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес қолға алынған бастама. Жас жолаушы ата-анасымен немесе жақын туысымен ұшқанда ғана бұған қол жеткізе алады. Балалар авиабилеттерін субсидиялау операторы – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы.
– Балалардың авиамен тегін ұшуы үшін туристік билетті сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының аумағындағы туристік орындарға баруы керек. Тегін авиатасымалдау ішкі туризм саласындағы туроператордың қаражаты есебінен жүргізіледі, – деп нақтылады ведомство өкілдері.
Мәдениет және спорт министрлігінің болжамынша, бұл кез келген демалысты 30 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаға Қазақстанның кәмелет­тік жасқа толмаған балалар қатыса алады. Бұл жеңілдікке ие болу үшін ата-аналар «Кидс гоу фри» қосылған туристік өнімді сатып алуы тиіс. Сондай-ақ балалар туристік орындардың аумағында кемінде үзіліссіз бес күн және төрт түн тұруға міндетті.
Ал неліктен әуе рейстері субсидия­ланады деген сұраққа мамандар ел тұрғындары балаларына өздерінің тұрғылықты мекен-жайынан бөлек, басқа өңірлерді де көрсету үшін деген жауапты ұсынды.
– Бізде әдемі ландшафтар көп. 13 ұлттық саябақ бар. Көпшілігіміз өз өңірімізден тыс жерлерге шықпадық. Бұл жақсы мүмкіндік болады, сондықтан бұл бағдарламаны туыстарының үйіне қыдырумен салыстыруға болмайды деп санаймын, – дейді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Айта кеткен жөн, саяхатқа туроператордың қызметін қолданбай өз бетінше ұшатын отбасы балаларының билет құны субсидияланбайды.
Балалардың авиамен тегін ұшуы үшін туристер туристік өнімді сатып алу мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жоспарланған демалыс жасауы қажет. Ал субсидия алу үшін туроператор Kazakh Tourism Ұлттық компаниясына қажет құжаттарды өткізіп, өтініш жібереді. Бұл туған жер табиғатын танып-білуге, елдің көрікті жерлерін отбасы болып аралауға берілген керемет мүмкіндік. Себебі, саяхат – баланың көкжиегін кеңейтіп, білімін арттырып, туған жерге деген құрметін күшейтеді. Игі бастаманың игілігін көріп, отбасымен саяхаттаушылардың қатары көбейсе дейміз.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
08 ақпан 2022 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031