» » Педагог мамандығына түсу үшін талап күшейді

Педагог мамандығына түсу үшін талап күшейді

Былтырдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша оқуға түсу талаптары қатаңдатылып, межелік балл көтерілді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздық мамандықтың жастар арасындағы беделін көтеру үшін осындай қадамдар жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Дегенмен, осы қатаң талаптан сүрінбей өткен талапкерлер студент атанғаннан кейін ең жоғары шәкіртақы алмақ. 
«2021 жылы біз педагог болып жұмыс істегісі келетіндерге жұмысқа орналасу кезінде де қойылатын талаптарды қатаңдаттық. Осылайша, енді бұл мамандыққа кез келген мектеп түлегі түсе алмайды, өйткені педагогикалық бағытқа дайындықтың барлық бағыттарына ҰБТ-ның ең жоғары шекті балы белгіленді. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушылар алатын шәкіртақылардың көлемі де қазір ең жоғары», деп жазды министр Facebook парақшасында.
Оның айтуына қарағанда, жалақыны көтеру, жүктемені азайту, есептілікті қысқарту, педагогтерді өзіне тән емес функцияларға тартуға жол бермеу шаралары мамандықтың мәртебесін арттыруда шешуші рөл атқарған.
«Соның арқасында қазір мұғалім мамандығына үздік түлектер ғана түсіп жатқанын көріп отырмыз. Осы мамандыққа түсушілердің орташа балы айтарлықтай артты, педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлерінің саны екі есе көбейді», дейді ведомство басшысы.



07 ақпан 2022 ж. 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031