Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Бас санитардың қаулысы: Карантин мерзіміне өзгеріс енгізілді

Бас санитардың қаулысы: Карантин мерзіміне өзгеріс енгізілді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантин мерзіміне бірқатар өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус
"Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 жаңа қаулысында карантин мерзіміне қатысты тәсілдер қайта қарастырылды.
COVID-19 науқасымен байланыста (жақын байланыста) болған адамдарға үй карантині мерзіміне қатысты өзгерістер енгізілді",-делінген хабарламада.
Мәселен, COVID-19 науқасымен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаты болмаған кезде, егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса, соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Байланыста болған адамда ауру белгілері болмаған жағдайда үй карантинінің 7-ші күні ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі.
ПТР-зерттеудің теріс нәтижесімен үй карантині аяқталады.
Егер үй карантинінің 7-ші күнінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін сынамаларды іріктеу жүргізілмесе, үй карантині оқшауланған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін жалғасады.
Карантиннің ұқсас тактикасы коронавирус инфекциясының асимптоматикалық ағымы бар науқастарға да қолданылады.
(Бұрын болған: 3 тәулікке ПТР әдісімен тексеру және 14 күн ішінде карантин)
Алгоритмдерге редакциялық түзетулер енгізілді.
"Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады",-делінген хабарламада.








23 қаңтар 2022 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031