» » Өңірлеріндегі блокбекеттер әзірше алынбайды

Өңірлеріндегі блокбекеттер әзірше алынбайды



Бүгіннен бастап Қазақстанның үш облысында – Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Бірақ кейбір өңірлерде блокбекеттер өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылды, бірақ өңірлік жедел штаб лаңкестік қауіп бойынша «сары» деңгейді белгілеу туралы шешім шығарды.
«Басқа қалалардағы басқыншылық әрекеттерге қатысы бар адамдар облыс аумағына кіруі мүмкін екенін ескере отырып, лаңкестерге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штаб 2022 жылғы 13-26 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қауіптің орташа (сары) деңгейін белгілеу туралы шешім шығарды», – деп мәлімдеді облыс әкімдігі өкілі.
Жергілікті билік өңірде блокбекеттер жұмысы жалғасатынын, құжаттарды тексеретін бақылау-өткізу режимі бұрынғыдай жүргізілетінін айтты.
Батыс Қазақстан облысында 13 қаңтарда таңғы сағат 7-ден бастап ТЖ режимі алып тасталды, бірақ өңірде блокбекеттер жұмысы жалғасады.
«Мұндай шешім құқық қорғау органдарының экстремистік және лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушыларды анықтау, ұстау бойынша жұмыс жүргізуіне байланысты қабылданды. Біздің міндетіміз – осы адамдардың облыс аумағына кіруіне жол бермеу», – деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.
Батыс Қазақстан облысында барлық шағын және орта бизнес нысандарының жұмысы қалпына келтірілді, банк филиалдары ашылды. Сауда орталықтары мен базарлар жұмысын қайта бастады, жер және әуе жолдары ашылды. Жеке және заңды тұлғалардан уақытша алынған қаруды қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр.
Павлодар облысында ТЖ режимі кезінде бетоннан жасалған және құм салынған қаптармен нығайтылған екі блокбекет жұмыс істеді. Аймаққа кіріп-шығу шектелді.
Аймақ комендатурасының ақпараты бойынша, ТЖ режимі кезінде блокбекеттер арқылы 25 046 автокөлік, оның ішінде 44 974 адам өткізілген. 645 автокөлік пен 1402 азаматтың рұқсаты болмағасын жүріп-тұруы, шығуы шектелген. Ресми мәліметтер бойынша, қазір барлық блокбекет алынған. Айта кетейік, коменданттық сағатты бұзғаны үшін өңірде 811 адам мен 349 автокөлік ұсталды. Сондай-ақ, митингке қатысқан 909 адам әкімшілік тәртіп бойынша жазаланды. Оның ішінде 345 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды, 288 адамға 30 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынды. Ұсталғандар тізімінде 8 шетел азаматы бар, олар сот шешімі бойынша елден шығарылды.
Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 680 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. 69 тұрғын қамауға алынып, 26 адамға айыппұл салынды. 525 адам ескерту алды. Кейінгі тәулікте өңірде 34 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.
ТЖ кезінде барлығы 45 тыйым салынған зат, оның ішінде 18 тегіс ұңғылы қару тәркіленген. Сондай-ақ, есірткі заттарына қатысты 9 дерек анықталды. 6 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысында 28 блокбекет қойылды. Өңірде ТЖ режимі кезеңінде негізгі шаралар атқарылып, уақытша шектеулер қойылды. Коменданттық сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін енгізілді.
5 қаңтардан бастап ТЖ режимін сақтамаған 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Мамандандырылған әкімшілік сотта 7 азамат ескерту алды, 28 адамға айыппұл салынды, 186 адам әкімшілік қамауға алынды.
Кеше полиция қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды айдап әкеткен ер адамды ұстады. Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 5 қаңтарда болған.
Айыпталушы көлік артына отырып, жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын сындырған. Әскери көлікпен жергілікті Полиция қызметі басқармасы ғимаратының қоршауын бұзып, қарақшыларға ғимаратқа іргелес аумаққа кіруге мүмкіндік жасаған. Ал өзі оқиға орнынан қашып кеткен.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты күзет арқылы ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.


13 қаңтар 2022 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031