» » Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған жаңа челлендж басталды

Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған жаңа челлендж басталды




Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған жаңа челленджді бастады.
«Қадірменді қауым, 1 қаңтар – ұлы әншіміз Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы. Шын жүректен осы мерекемен құттықтай отырып, музыкалық эстафетаны апамыздың образын сомдаған актриса Зарина Жәкеноваға жолдаймын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!», – деді Рымбаева.
«Астана мюзикл» театрының әртісі Зарина Жәкенова өз кезегінде челленджді басқа әртістерге жолдады.
«Мен жаңа челленджді Роза апамыздан қабыл алып, Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Жазира Байырбекова, Бибігүл Қилымхан, Сая Махамбет, Рухия Байдүкенова, Гүлнәр Тәшенова, Салтанат Мендіғалиева, сондай-ақ, Қазақконцерттің барлық әншісі мен барша қазақстандыққа жолдаймын! Мерейтой құтты болсын», – деді Жәкенова.
#РозаБағланова100жыл эстафетасы кезінде әнші айтқан танымал әндерді орындау керек.
Айта кетері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ол жарты ғасыр бойы Қазақконцертте еңбек етіп, музыка өнеріне үлкен үлес қосты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал әншінің атын тарихта қалдыру мақсатында тиісті шараларды қолға алуды тапсырған. Осыдан кейін Қазақконцертке Роза Бағланованың есімі берілді. Әншінің атымен ірі қалаларда бірнеше көше ашылды.

Kyzylorda-news.kz.

03 қаңтар 2022 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930