» » Зейнетақы жинағын пайдалану: Жер телімін сатып алуға болады

Зейнетақы жинағын пайдалану: Жер телімін сатып алуға болады



Зейнетақы жинағының  шекті мөлшерінен асатын ақшаға жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz
«Біз бүгін осы опцияны іске қостық. Енді зейнетақы жинағының бір бөлігіне жер телімін сатып алуға болады. Порталда арнайы батырма енгізілді», – деді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бұған дейін зейнетақы жинағының қаржысына жекеменшік үй салуға рұқсат берілген. Алайда салымшылардың көбісі үй салу үшін алдымен жер телімін сатып алу қажеттігін айтқан.
«Міне, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану аясында жер телімін сатып алу мүмкіндігі беріліп отыр. Жерді екі мақсатта ғана алуға болады. Жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа. Екі жылдың ішінде үй салып, банкке тиісті құжаттарды жіберу керек», – деп түсіндірді Ибрагимова.
Барлық құжат enpf-otbasy.kz порталындағы жеке кабинет арқылы жіберіледі.
«Екі-ақ құжатты жіберу керек. Біреуі – үйді пайдалануға беру актісі, екіншісі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық пен оның техникалық сипаттамасы туралы анықтама», – дейді Ибрагимова.
Ал екі жылдың ішінде үй салынбаса, ақшаны қайтаруға тура келеді. Алайда құжат рәсімдеу жағынан қиындықтар туындаған жағдайда қосымша уақыт берілуі мүмкін. 


22 желтоқсан 2021 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031