Қарулы Күштердің ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ғимараты жанынан салтанатты түрде ардагерлердің жұмыс кабинеті ашылды.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Қарулы Күштердің оң келбетін көтеру, сондай-ақ Ардагерлер ұйымдарымен қызметті үйлестіру мен Отан қорғаушылардың ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында өткен шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып және гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылық құрамының қатысуымен ұйымдастырылды.
Қызылорда гарнизонының бастығы подполковник Ербол Әбдірайым салтанатты іс-шараны ашу кезінде ардагерлерге жастарды жауынгерлік рухта тәрбиелеудегі еңбектеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар, жиынға облыстағы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күлай Ермағанбетова, «Невада-Семей» қозғалысының Қызылорда филиалының төрағасы Сәбит Әбіш және қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Айдын Сағынбеков және басқалары қатысты. Ал, департамент жеке құрамы шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
– Әскери ардагерлеріміз зейнетте жүріп-ақ Қарулы Күштеріміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Елімізде әскери ардагерлердің құқықтары мен мүдделері қорғалған. Жастарымызға патриоттық тәрбие беру жолында аянбай еңбек етудеміз. Ардагерлерге құрмет көрсету біздің және өскелең ұрпақтың міндеті деп білемін, – дейді ардагерлер ұйымының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мыңділда Ршауов.
Жиын барысында бірнеше әскери қызметшіге «Невада-Семей» қозғалысына 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Сөз кезегінде қатысушы қонақтар ақ тілектерін айтып, Қарулы Күштер ардагерлерінің алдағы істеріне сәттілік тіледі.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров