» » Г.Әбдіқалықова: «Сыр өңірі тәуелсіздік жылдары зор табыстарға жетті»

Г.Әбдіқалықова: «Сыр өңірі тәуелсіздік жылдары зор табыстарға жетті»

ЖАҚЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВАНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН 16 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛДАР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ.
Конференцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихаттың хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов, Ұлт­тық Ғылым академиясының ака­демигі, облыстық мәслихат депутаты Қылышбай Бисенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Шакизада Әбдікәрімов, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты Сәрсенкүл Биқожа, ақын, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, ауыр атлет Илья Ильин және облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен жас­тар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері және онлайн байланыс арқылы аудандардағы зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Нұртай, өңірдің зиялы қауым өкілдері жиналып, онлайн байланыс орнатты.
Аймақ басшысы салтанатты іс-шараға қатысушыларды еліміздің ең ұлық мерекесімен құттықтап, егемен еліміздің Тұңғыш Президентінің батыл қадамдары мен тарихи шешімдерінің арқасында және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігі мен қажырлы еңбегі нәтижесінде Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналғанын атап өтті.
– «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында бұл жылдарға баға берген Елбасы «Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын» деді. Астаналар мекені атанған, Алаш зиялылары мен ардақтыларының арманын то­ғыстырған, қасиеті қымбат, көмбесі асыл Сыр өңірі, Тәуелсіздік жылдарында зор табыстар мен жасампаз жетістіктерге қол жеткізді. Бұл жетістіктеріміздің барлығы – Елбасымыздың дара жолымен, Президентіміздің басшылығымен елдің бүгіні мен болашағы үшін еңбек етіп жүрген отандастарымыздың, Сіздер мен біздердің бірлесіп атқарған істеріміздің нәтижесі, халық артқан сенімнің жемісі, – деді облыс әкімі.
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік саясат аренасындағы орны мен дамуы туралы Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев «Қазақстан – әлем мойындаған мемлекет» атты баяндамасында кеңінен тоқталса, ҚР ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың Қазақ елінің өсіп-өркендеуіне, қасиетті Сыр өңірінің тұрақты дамуына қосқан еңбегін «Тәуелсіздік тағылымы: Елбасы және Сыр өңірі» баяндамасында саралап шықты.
Азаттық алған жылдары бағын­дырған белестер туралы Қызыл­орда облыстық мәслихатының хатшысы Нау­рызбай Байқадамов «Тәуелсіздік – ұлттың тарихи тағдырында» та­қырыбында хабарлама жасады. Ал Сыр өңірі экономикасының қалыптасу барысын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалқазбек Әжібеков «Қы­зылорда облысының экономикасы – дағдарыстан тұрақты дамуға дейін» ат­ты баяндамасында толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, аталған жиында ақын, «Қызылорда қоғамдық Телерадиокомпаниясы» ЖШС құрылтайшысы Шакизада Әбдікәрімов «Тәуелсіздік тұғырында тұрған ел» тақырыбын өлеңмен өрнектеді.
Ал «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожа Тәуел­сіздік жылдарындағы азаматтық қоғам қызметі мен ұлт өміріндегі БАҚ құралдарының рөлі туралы айтып, жеткен жетістіктерді тізбеледі.
Сондай-ақ, конференция барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері Ержан Уәйіс, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов пен толағай батырымыз Илья Ильин өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты.
Конференция жұмысын қорытын­дылаған аймақ басшысы барлық игі­ліктің бастауы болған Тәуелсіздіктің құндылығын сақтап, барша азаматтарды еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етуге шақырды.
«Қт» ақпарат
14 желтоқсан 2021 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031