» » Елін сүйген ұрпақпыз

Елін сүйген ұрпақпыз



«Ата-бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті – Нұрағам» деген өлең шумағымен бұл шығармамды бастағым келеді.
«Елбасы», «Тарих». Өткенге көз жүгірту, зерттеу – ол халқымыздың қанына біткен, қалыптасқан дүние. Неге?
Өйткені біз қазақ халқы өзіміздің шыққан тегімізді, ділімізді, тілімізді, дінімізді, өткен тарихымызды білуіміз шарт. Ол тазалық үшін, жан-жақтылық үшін және болашақ ұрпаққа аманат ету үшін керек.
«Тәңірден келген тәтті сый» болып 1991 жылы тәуелсіздік алдық. Тұңғыш президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты халық Елбасы ретінде ықыласпен сайлады. Елбасы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш әкемізбен Әлжан анамыздың шаңырағында дүниеге келген. Әжесі Мырзабала: "Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын" деп есімін қойыпты. Әжесі Сұлтанның азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Сұлтан мектепті үздік оқыды. Әке-шешесі бабалар тарихынан сыр шертетін әңгімелер айтып, ән салатын. Елбасы туралы кітаптан оқып, білдім. Сонымен қатар кинофильмдерін де көрдім. Сұлтанның ертерек есейіп, үлкендерше ой түйетіндігі, аспанға қарап армандайтыны, оның арманының орындалуына қызықтым. Елбасымыз Н.Назарбаев 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемле­кеттік тәуелсіздігі туралы» Заңға қол қойды. Осы кезден бастап біздің Қазақстан мемлекетіміз толықтай өз аумағында билік ететін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтайтын және жүргізетін тәуелсіз демократиялық мемлекет статусына ие болды. Бұл дегеніміз «Желтоқсан оқиғасындағы» жастарымыздың арманы орындалды деген сөз еді. Бүкіл халық, ел болып қуанды. Елбасының мемлекет басқарудағы сарабдал саясатының арқасында сыртқы мемлекеттермен тығыз байланыста болып, жаhандану заманында импорт, экспорт науқаны да дамыды. Халық еңсесін биік көтеріп, біршама озық мемлекеттермен деңгейлес болды. Өркенді елу елдің қатарына қосылып, міне бүгін тәуелсіздігіміздің орнағанына да 30 жыл толып отыр. Елбасымыздың тәуелсіздікпен күрес жолында атқарған қызметін тілге тиек етпесек, халқы үшін жасаған жақсылығын паш етіп, болашақ ұрпақтар бойына дарытпасақ елдігіміз қайда?!
Шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізді. 1991 жылы 20 тамызда Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты.
«Қазақстан Республикасының Мем­лекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Осы күні еліміздің тәуелсіздігі жарияланып, ең қызығы арада көп уақыт өтпей-ақ Түркия ҚР тәуелсіздігін таныды. Осылайша Қазақстан мемлекеті әлем картасынан ойып орын алып, Тәуелсіз Қазақстан атты ел пайда болды.
Осы жылы Қазақ елінде дүбірлі той. Тойымыз тойға ұласып, халқымыз мәңгілік жасай берсін!
Мен осы шағын жазбам арқылы жас достарымды, бауырларымды, бү­кіл қазақстандықтарды еліміздің өт­кен тарихын білуге, сонымен қатар Елбасымыздың салып берген сара жолымен қысқаша болса да таныстырғым келді. Сөзімнің соңында, Елбасы секілді елін сүйген, жерін сүйген ұрпақ болайықшы демекпін.

Шынболат МАРХАБАТ,
№85 мектептің оқушысы,
Төретам кенті
01 желтоқсан 2021 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031