» » Ине ұшындағы иммунитет

Ине ұшындағы иммунитет

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынған «Pfizer» вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханаға аталған вакцина түрі жеткізілген. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізулі әйелдерге салынады.
Осы ретте, 19 қарашадан аудандық орталық ауруханада 12-18 жас аралығындағы балалар және жүкті әйелдер мен емізулі әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасын егу басталды. Аудандық орталық аурухананың жауапты мамандарының мәліметінше, бүгінге дейін ауданға келген вакцина қоры жеткілікті. Екпе алуға өз еркімен келген жанның бірі – көпбалалы, емізулі ана Жүрсінай Хайдарова. Ол өзімен бірге 12, 13 жастағы қыздарын да ерте келген. Екпе салдырудан бұрын ана мен балалар толық тексерістен өтіп, одан әрі профилактикалық екпе жүргізуге қарсы емес деген анкета толтырылады. Екпе егілгеннен кейін жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болса, одан кейін медбикелердің тарапынан екпеден кейінгі күтіну жолдары түсіндіріледі. Көпбаланың ананың айтуынша, баланың денсаулығын ойлайтын болса, вакцинаны салдырған жөн.
– Біз пандемияны түбегейлі жойғымыз келсе, коронавирусқа қарсы екпе ектіру жұмыстарына атүсті қарамауымыз керек. Себебі бұл індетті вакцина алып, иммунитет қалыптастыру арқылы ғана жеңе аламыз. Қазіргі таңда «Pfizer» вакцинасы балалар мен жүкті әйелдерге салынуда. Осы орайда, өзім де отағасыммен ақылдаса келе, қыздарыма да вакцинаны еш үрейленбестен салғызу керектігін түсіндіріп, ауруханаға алып келдім. Алдымен толық тексерістен өттік. Дәрігерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондықтан босқа үрейленудің қажеті жоқ. Бұл вакцина – балаларымның денсаулығы мен жарқын болашағы үшін маған керек. Тек осы індет іргемізден тезірек алыстаса екен, – дейді көпбалалы ана.
Аудан бойынша «Pfizer» вакцинасының І туры 42 адамға егілген. Оның 4-еуі жүкті әйелдер, 7-еуі емізулі аналар болса, 31-і 12-18 жас аралығындағы жеткіншектер. Ал ақхалаттылар қау ымы вакцинаны еш үрейленбестен, алып-қашпа әңгімелерге ермей, бірауыздан келісім беріп, екпе алған жөн екенін алға тартуда. Осындайда ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

27 қараша 2021 ж. 631 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930