» » Бір доллардың құны 440 теңгеге дейін жетеді

Бір доллардың құны 440 теңгеге дейін жетеді

Ұлттық валюта жарты жылда өзінің ең төменгі мәніне жетті. Доллар бағамы сәуір айынан бастап алғаш рет 430 теңгеге дейін өсті. Елордадағы айырбастау орындарында шетел валютасының құны 434-ке жетеді: Ұлттық Банк мұнайдың арзандауы мен халықаралық жағдайға байланысты осылай болып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы Астана телеарнасы  хабарлайды.


“Мұнай котировкалары Байден әкімшілігінің мұнай бағасының өсуін тежеу жөніндегі ықтимал шаралары, сондай-ақ Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен халықаралық энергетикалық агенттіктің мұнай нарығында артық ұсыныстың жақында пайда болуы туралы болжамдары аясында соңғы 7 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіштерден 5%-ға артық төмендеді”, – деді ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.
Сарапшылар ұлттық валютаның одан әрі әлсіреуін болжайды.
Экономист Арман Байғанов жыл соңына дейін теңге 440-қа дейін түсуі мүмкін деп есептейді.
Болжам мұнайдың одан әрі арзандауымен және пандемиядан кейін АҚШ экономикасының қалпына келуімен түсіндіріледі.
“Қатты көтерілмейді. Жыл соңына дейін америкалық доллармен салыстырғанда 430-440 теңге шамасында 1-ден 3 пайызға дейін әлсіреу болуы мүмкін”, – дейді Арман Байғанова.
21 қараша 2021 ж. 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 770
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 130

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 488

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930