» » Теңге бағамы әлсіреуінің себебі неде

Теңге бағамы әлсіреуінің себебі неде

АҚШ доллары құнын жоғалтпайды. Елде валюта бағамы құбылып тұр. Оған не себеп?
Бұл жағдай халықтың төлем қабілеті мен жылжымайтын мүлік нарығана қалай әсер етеді? 
Соңғы төрт күнде доллар 4 теңгеге қымбаттады. Қазақстан қор биржасында 1 АҚШ доллары 384 теңгеден саудаланды. Ал Алматыдағы ақша айырбастау орындарында ол 2 теңге қымбат. Теңге әлсіреп, доллардың күн-сайын күшеюіне бірнеше макроэкономикалық фактор әсер етті. Мұнайдың арзандауы, экономикадағы шикізаттық сектордың басымдығы, тауар айналымындағы импорт пен экспорт үлесіндегі айырмашылық. Экономист Мақсат Халықтың пікірінш алдағы уақытта доллар бағасы өсе береді.
Мақсат Халық, экономист:
-Жазда алдағы уақытта тағы да әсер ететін факторлар бар. Ол маусымдық жылдағы болатын бәрі көпшілігі демалады. Көк қағазға деген сұраныс артады. Соның нәтижесінде тұрақсыздық пайда болады. Бұл енді табиғи болатын, алдағы уақытта күтілетін жағдай.
Ал жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өзгеріссіз қалады дйді сарапшы. Яғни доллардың теңгеге шаққандағы бағамынан жер телімдері мен үй бағасы арзандамайды. Мысалы, Алматыда 1 шаршы метр үйдің ең төменгі бағасы 240 мың теңгені құрайды.
Мақсат Халық, экономист:
- Соңғы уақыттарда  теңгеміз құнсызданып келе жатыр ғой. Сол уақыттардың өзінде қарайтын болсақ жылжымайтын мүлік нарығында бағалар түскен емес. Қайта керісінше өсіп келе жатыр. Бір ғана қорытынды шығаруға болады. Теңгеміз қанша әлсіресе де жылжымайтын мүлік нарығы арзандап кетеді деген сөз емес. Ол өзінің құнын сақтап қалады да белгілі бір дәрежеде теңгеге шаққандағы құнының өсуіне, қымбаттауына әсерін тигізіп отырады.
«АҚШ доллары және 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім ай соңында тоқтап, кейін бағам тұрақтылуы ықтимал» дейді қаржы нарығындағы компания өкілдері. 
Антон Цой, қаржы компаниясының директоры:
- ОПЕК-ке мүше елдер де қарап отырған жоқ. Қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру үшін олар әлемдегі мұнай өндіру  көлемін азайту жөнінде шешім қабылдауы мүмкін. Егер сондай келісім жасалса онда мұнайға деген сұраныс артады. Бұл жағдай біздің валютаның күшейтері сөзсіз.
Әзірге қаржы нарығында теңге күрт құлдырайды деп айтуға болмайды. Өйткені Қзақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері тұрақты» дейді сарапшылар.

Авторлары: Алмас Садуақас, Валентин Лобанов

13 маусым 2019 ж. 1 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031