» » Қараөзек су қоймасын салу басталады

Қараөзек су қоймасын салу басталады




Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес жалпы көлемі 775 млн. текше метрді құрайтын Қараөзек су қоймасын салу басталады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
«Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыруды және су ресурстарын тиімді пайдалануды мақсат етіп қойдық. Топырақтың қатты тұздануына байланысты біз суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыруға жұмыс жасаудамыз», – дейді аймақ басшысы.
Биыл аймақта күріш егісі 89,5 мың гектардан 83,6 мың гектарға дейін қысқарды. Су тапшылығына қарамастан өткен жылғы деңгейде (550 мың тонна) – 500 мың тонна (орташа өнімділік 59,8 ц/га) өнім алынды.
«Алдағы уақытта егіс алқаптарын 80 мың гектарға дейін көлемінде қалыптастыруды жоспарлап отырмыз, бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы (мақсары, соя, күнбағыс) және жемшөптік дақылдар (жоңышқа, сүрлем, жемдік асқабақ) егістігін ұлғайтатын боламыз. Сонымен қатар, суландырудың ылғал үнемдеу технологияларын – аквагельдерді, жаңбырлатып суаруды, көшет әдісін енгізудеміз», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.


18 қараша 2021 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 233

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728