» » Жалғыз басты ата-аналар үшін қашықтан жұмыс істеу форматы заңдастырылмақ

Жалғыз басты ата-аналар үшін қашықтан жұмыс істеу форматы заңдастырылмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғыз басты ата-аналар үшін қашықтан жұмыс істеу форматын заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі – ана мен баланы қолдау. Айта кету керек, әйелдер ер адамдарға қарағанда көбінесе бала күтімі бойынша жұмыс пен міндеттерді бірге алып жүруге мәжбүр. Егер ана декреттік демалыс алатын болса, ол кәсіби дағдылары мен құзыреттілігін жоғалтады. Нәтижесінде, әйелдер еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз болып қалады", - деді Президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.
Тоқаевтың пікірінше, әсіресе жалғыз басты ата-аналарға балаларына тиісті түрде қарау қиынға соғады. 
"Олар үшін ерекше еңбек жағдайларын жасау қажет. Жалғыз басты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеуін және қысқартылған жұмыс режимі құқығын заңнамалық деңгейде қарастырған жөн”, – деді мемлекет басшысы. 
Сонымен қатар, президент дамыған елдерде ірі компаниялар өз кеңселерінде балалар бөлмелерін жиі ашатынын атап өтті.
"Мұндай тәжірибе бізде де нормаға айналуға тиіс. Ол үшін қызметкердің осы санатының мүдделерін ескеріп, еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет. Бұл ретте еңбек процестерінің үздіксіздігін және тиісті өнімділікті қамтамасыз ету маңызды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
17 қараша 2021 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031