» » Интернет-контентке заңнамалық шектеу ұсынылды

Интернет-контентке заңнамалық шектеу ұсынылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев интернет-контентті заңнамалық шектеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.


Оның айтуынша, іздеу жүйелері мен іздеу жүйесінің операторларына заңнамалық анықтамалар беріп, желілік басылымдар ұғымын неғұрлым нақты анықтау қажет.
«Әлеуметтік желілердегі кейбір аккаунттар мен арналар көптеген жазылушылар мен көріністердің арқасында ақпаратты жаппай тарату құралдарының біріне айналды. Осы тұста маңызды сұрақ туындайды – оларды БАҚ-пен қалай байланыстырамыз? Министрлік осы бағыттардың барлығына жаңа түсінік беруді ұсынады. Қазір жұмыс тобының қарауына енгізетін тұжырымдамалар әзірленуде», деп атап өтті вице-министр.
«Мысалы, цифрлық және кабельдік телерадио хабарларын таратудың дәстүрлі операторларынан қазіргі заманғы IPTV-технологияларды пайдалана отырып, ғаламтор желісінде телевизиялық контентті тарататын компанияларға заңнама талаптары неге қолданылмайды деген сұрақ туындайды. Сондықтан интернет-кеңістікте ТВ контентті таратушыларға және телерадио хабарларын таратудың дәстүрлі операторларына қойылатын жалпы талаптарды анықтау қажеттілігі мәселесі зерттелуде», деп қорытындылады спикер.
08 қараша 2021 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930