» » Қызылордада ауыл балалары «English for jastar» жобасы аясында білім алды

Қызылордада ауыл балалары «English for jastar» жобасы аясында білім алды



Ауыл мектептеріндегі оқушылардың арасында ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында «Jas Otan» Жастар Қанаты «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп «English for Jastar» жобасын іске асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты – ауыл оқушыларының сапалы білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, ағылшын тілін оқытуға қызығушылық пен қатысуды арттыруға септігін тигізу. Мақсатты аудитория қалаға қарасты кент және ауыл мектептерінің 6,7,8,9 сынып оқушылары болып табылады.
«Балаларға ағылшын тілін үйретуге бағытталған жоба ағылшын тілін меңгерген еріктілер арқылы жүзеге асты.
Еріктілерді іріктеу де оңай болмағаны анық. Мәселен ағылшын тілін білу Intermediate деңгейінен төмен болмауы, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеруі, еріктілер қатарында, балалармен жұмыс істеуі, сол сияқты ұстаздық тәжірибелерінің болуы талап етілді. Ең маңыздысы – ауылдық мектеп оқушыларының ағылшын тілін игеруіне көмектесуге деген зор ынтаның болуы», – дейді облыстық «Jas Otan» ЖҚ кеңесшісі А.Какарманова.
Алғашында облыста 19 ерікті жобаға қатысуға ниет білдірген. Жобаға қатысушы еріктілер тестілеуден және сұхбаттасудан өтіп, нәтижесінде 10 ерікті іріктеліп таңдалды.
Еріктілер барлық 7 ауданға бөлініп, ағылшын тілі сабақтарын өтуге арнайы сынып пен оқу кестесі бекітілді.
Оқыту нәтижесіне сәйкес 2018-2019 жылдары облысымыздың 350 оқушысы ағылшын тілінен «Pre-intermediate» және «Elementary» деңгейлерін тегін үйренді. Биыл 100-ден астам оқушы білім алды.
Еріктілер жобаны жүзеге асыру барысында жаңашыл методикаларды пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарын оқушыларға әр күн сайын қызықты өткізуге барынша жұмыстар жүргізіп отырды.
Мұнымен қоса, ерікті оқытушылар мен оқушылар ZOOM платформасында Лондон қаласында білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты С.Абжановамен кездесті. Онлайн кездесу барысында С.Абжанова шет мемлекетте білім алудың тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «English for Jastar» жобасының табысты жүзеге асуына ықпал жасаған ерікті оқытушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталатын болады.


18 қазан 2021 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930