» » Тұлпар мініп, ту алған

Тұлпар мініп, ту алған

Бірнеше жыл бұрын республика көлемінде қолға алынған «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы биыл да жалғасын табуда. Бұл байқаудың мақсаты – әманда ел тағдырын биік қойған ерлік дастандарымен өскелең ұрпақты сусындатып қана қоймай, ықылым заманнан бері келе жатқан жыршылық дәстүрді қайта жандандыру.
Тарихи эпосты жаттау арқылы оқушы тарихты да терең түсіне бастайды. Шәкірт жадында жатталған мәтін оның сөйлеу мәдениетін, са­уатты жазуын қалыптастырады. Осылайша, бабаларымыздан қалған көне сөздерді, фольклорымызды санасына сіңіріп, Отанын сүйетін, тарихи жәдігерін қастерлей білетін ұл-қыз өсіп шықпақ.
Бұл жобаның тағы бір құндылығы – эпостық жыр-дастандарға құрметті арттырып, оны қалың оқырманға кеңінен насихаттайды. Мектеп оқушыларының кітапқа қызығушылығын арттырады. Олар асыл мұраның құнын түсініп, дастандардағы батырлардай қайсарлық пен намысшылдықты бойына жинайды.
Қарап отырсақ, бұл байқаудың оқушыға бе­рері мол. Алдағы уақытта жырды қаржылай сый үшін емес, өзі үшін жаттап, рухани тәлім алар жас буынның қатары көбейсе деген тілек бар.
Бидас РҮСТЕМБЕКОВ,
К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі директорының орынбасары
09 қазан 2021 ж. 905 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728