» » Эпидемиялық жағдайдың тұрақталуы байқалады

Эпидемиялық жағдайдың тұрақталуы байқалады

Қазақстанда эпидемиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
 

Қазақстанда 6 қазанға дейін CОVID-19-ға оң нәтижемен 896 162 нау­қас және теріс нә­тижемен 76 517 жағ­дай тіркелді. Індет­пен ауыратын нау­қас­тардың шамамен 92 пайызы сауы­ғып шықты. Эпидемиялық жағдай мат­рицасына сәйкес, төрт өңір тәуекелі жо­ғары, яғни «қызыл аймақта» ор­на­лас­қан.
«Кейінгі айда Қазақстанда эпиде­миялық жағдайдың тұрақталуы бай­қа­ла­ды. Тұтас еліміз және 8 өңіріміз тәуекелі жоғары аймақтан тәуекелі орташа аймаққа көшті. Тәуекелі орташа аймақтан тәуекелі төмен, яғни «жасыл аймаққа» 3 өңір – Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстары көшті», деді А.Цой.
Қыркүйектің басымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың күнделікті деңгейі 2,4 есе төмендеді. Бір ай ішінде таралу индексі 1-ден төмен. Инфекциялық төсектік орындардың қамтылуы 39 пайыз­дан 33 пайызға дейін, реанимациялық төсектік орындардың қамтылуы 40 пайыздан 31 пайызға дейін төмендеді. Сонымен қатар өткен айда ауыр және өте ауыр науқастар саны екі есе азайған.
«Оқушылар арасындағы сырқаттану­шы­лықтың күнделікті мониторингіне ке­ле­тін болсақ, жалпы 9 185 КВИ жағдайы тір­келген. Бұл оқушылардың жалпы саны­ның 0,26%-ын құрайды. 102 мыңнан аса байланыста болған адам айқындалды, олардың 624-інде ПТР-тесттердің оң нәти­жесі анықталды. Студенттер арасында аурудың 1 282 жағдайы тіркелген. Жоғары оқу орындарының студенттері арасында сыр­қаттанушылықтың төмен деңгейі вак­цинаның тиімділігін тағы да айқын көр­сетті», деді ведомство басшысы.
Министр халықты КВИ-ға қарсы вак­ци­налау туралы айта отырып, бүгінгі таң­да жалпы вакцинаның 14,4 млн дозасы пай­д­аланылғанын алға тартты. Оның ішін­де бірінші компонентпен 7 766 146 адам егілген, бұл тиісті халықтың 77,9%-ын құрайды, ал екінші компонентпен 6 756 266 адам немесе 67,8% қамтылған. Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауды қамту бойынша көшбасшылар – Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары.
Сонымен қатар А.Цой Рfizer вакцинасын елге әкелу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды.
«Рfizer бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келі­сім­нің бірнеше процесі бар. Ақтық келі­сім­шарт бойынша шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр. Менің ойымша, жуықта, төртінші тоқсанда алумыз керек. Тиісінше тоңазыту жүйесі толықтай түзіледі. Жеткізу кезеңінің өзінде Қазақ­стан­ның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Мұның қажетті 80 градустық режімге сай болғаны керек. Сондықтан қажет жағдайдың бәрі жасалады», деген ведомство басшысы.
Оның айтуынша, Рfizer вакцинасын сақтаудың тәсілі қолданыстағы тәсілмен ұқсас.
«Принципі ұқсас, тек сақтау темпера­тура­сының режімі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады. Вакцина келген кезге дейін тоңазыту желісі басқа вакциналарға да жарамды болады. Бұл келешекте де вакциналарды бірнеше температура режімінде күтіп ұстаудың көп сатылы механизмін қа­л­ыптастыруға жол ашады. Қазір әлемде жа­салып жатқан кез келген вакцинаны сақ­таудың мүмкіндігі пайда болады», деді А.Цой.
Сөйтіп қазан мен қараша айларында елі­мізге Pfizer-дің 4 млн дозасы жеткізіл­мек. Бұл 2 млн адамды екпемен қамтуға мүм­кіндік береді.
Тұмау және ЖРВИ бойынша эпи­демиялық маусымның басталуына бай­ланысты Денсаулық сақтау министр­лі­гі сыр­қаттанушылыққа, халықты вак­ци­на­лауға мониторинг жүргізуде. Рес­пуб­ли­када 1 қыркүйектен бастап ЖРВИ-дің 850 жағдайы тіркелді, тұмау анықталған жоқ. Жалпы, бүгінде тұмауға қарсы 694 710 адам егілді, оның ішінде 684 051-і – тегін, 9 370-і – жұмыс берушілер есебінен және 1 289-і – ақылы негізде. Халықты екпемен қамтудың ең көп пайызы Түркістан (9,8%), Павлодар (4,3%), Қарағанды (3,9%) облыстарында және Шымкент қаласында (3,4%) байқалады.

08 қазан 2021 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031