» » Киелі білім ордасы

Киелі білім ордасы

Мектеп – келешек ел басқарар, ел мен жерді гүлдентіп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де қасиетті мекен. Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. Оcы орайда, бүгінгі күнде жаңа қырынан көрсетіп келе жатқан №85 орта мектеп Төретам кентінде орналасқан. Мектептің алғашқы іргетасы 1979 жылы қаланған. Әр мектептің өз тарихы бар.
Қазыналы білім ордасына айналған білім ұясының әрбір шәкірті білім көк­жиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақ­танышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Алтын белгі» иегерлері де аз емес.
Былтырғы 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің «Алтын белгі» иегері Лаура Жанділдаева 129 балдық жүйесімен мектепті тә­мам­даса, бүгінде Алматы қаласындағы әл-Фараби атынд­ағы Қазақ Ұлттық унивеситетінің грант иегері, студенті атануда. Осы оқушымыз мектебіміздің абыройын асқақтатып, мерейін кө­теріп аталған оқу жылында көптеген жетіс­тіктерге қол жеткізген болатын. Соның бірі, республикалық пәндік олимпиададан ІІ орын иемденіп, облысымыздың, ауданымыздың, мектебіміздің білім сапасын көтеруде өз үлесін қосты.
Ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі – мектепте дегендей, мектептің негізгі тірегі – білімді де білікті ұстаздар. Осы орайда, мектебіміздің мақтан тұтар ұстаздары да аз емес. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамытып, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт тәрбиелеуі – осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Дарынды шәкірттеріміз аудандық, об­лыс­тық, республикалық, халықаралық бай­қау­ларда жеңімпаз және жүлдегерлер атануда. Осындай нәтижелерге жетуде талмай, аянбай еңбек етіп сапалы білім беріп жүрген ұстаздарымыз көркем еңбек пәні мұғалімі Жаңагүл Төлегенова қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұлдызай Тілеуова, Индира Байбарақова, ағылшын пәні мұғалімдері Айгүл Сержанова, Гүлденген Бахитова, тарих пәні мұғалімдері Жанар Серікбаева, Гүлназия Медетова, Асылгүл Жиенмұратова, биология пәні мұғалімі Махаббат Ментаевалардың есімдерін ерекше құрметпен атасам, дене­шынықтыру пәні мұғалімдері Мұрат Ай­жарықов, Бөкенбай Дәріқұлов, математика пәні мұғалімі Сәбира Бимұрзаева, Ләз­зат Жақыпова, Майра Үргенішбаевалар мектебіміздің білікті ұстаздары қатарында. Сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері Айгүл Ысқақова, Айгүл Қайруллаева, Гүлмира Еркимбаева, орыс тілі пәні мұғалімдері Аққозы Кенжебаев, Жанар Дарменова, Дина Жүнісова, физика пәні мұғалімі Нұржамал Әбетовалар шығармашылық ізденісте көптеген әріптесіне үлгі-өнеге.
Биылғы жаңа бастама – педагогикалық ұжым халықаралық «PIRLS» зерттеуінің сынамасына түскелі отыр. Осы сынақта мектеп ұжымына «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, бәйгеге қосқалы жатқан сәйгүліктеріміздің оза шауып келуіне тілектеспіз.
Қазақстан Республикасының пре­зиденті Қ.Тоқаевтың Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөлініп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында делінген. Жас ұстаздардың ішін­де білімді де білікті мамандар аз емес. Үлкен жетістіктерге ие болып жүрген жас мұ­ғалімдеріміз Әсел Нағашыбаева, Гүл­сара Алтыбай, Назира Жақыпова, Шынар Жол­дасбекқызы және тағы басқаларының ұстаздық жолда болашағынан күтер үмітіміз зор.
Адам баласының тұлға болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты. Шәкірт ұстазының білімін, тәрбиесін алады. Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасат, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек.
Біздің мектебімізде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.
Осындай мұғалімнің бірі – Жанар Үргенішбайқызы. Оның құ­қық пәнінен оқушыларды олим­пиадаға дайындауда еңбегі ерен.

Атап айтар болсақ, 2019-2020 оқу жылында 11 сынып оқушысы Назым Нағашыбай жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиададан құқық пәні бо­йынша аудандық олимпиададан 1 орын, облыстық олимпиададан 3 орын иеленсе, 2020-2021 оқу жылында 11 сынып оқушысы Лаура Жанділдаева құқық пәні бойынша аудандық олимпиадада­н 1 орын, облыстық және республикалық олимпиададан 2 орын биігінен көрінді.
Оқушыларға сапалы білім мен зият­керлік ұлттық ойынымыз – тоғыз­құма­лақты үйретіп қана қоймай, жарыстарға дайындап жүрген денешынықтыру пәні мұғалімі Мұрат Айжарықов. Ол тоғызқұмалақ ойынының мәні, бабаларымыздың ұр­пағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылықтарын үйретеді. Мектебімізде тоғызқұмалақ ойынының аудандық, облыстық жеңімпаздары: 8 сынып оқушысы Қайыржан Рақашев, 7 сынып оқушысы Меруе­рт Жеткербай, 6 сынып оқушысы Сырым Қалиев, 7 сынып оқушысы Ғибрат Әбжәми, 4 сынып оқушысы Інжу Советова, 9 сынып оқушысы Айбек Айзаковтар ұлттық құндылығымыздың өрісін кеңейтіп жүрген мықтылар.
Білім ошағы әркез шығармашылық ізденіспен жұмыс істейді. Білім берумен қатар, рухани жағынан да жетіліп отыруды алдына мақсат еткен. Мектептегі Дастан Тәжиев атындағы мұражайдың ашылуы сөзіміздің дәлелі. Оқу-тәрбие жұмыстарындағы жаңа инновациялық әдістерді ендіру нәтижесінде алтын ұя жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық деңгейден көрінуде.
Мен, өмірімді ұстаздыққа арнаған жандардың бірімін, сондықтан да бабаларымыз аманат еткен білім мен ғылымды ұштастыра отырып, ұстаздар қауымына жас ұрпақты тәрбиелеуде тер төгіп, адал қызмет етуден аянбауымыз қажет дегім келеді. Егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын, барша әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі білімді жас ұрпағымыз аман болсын.
Осы сәтті пайдаланып, барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтай отырып, сенімдеріңіз алға жетелеп, әрбір сәттеріңіз серпіліс сыйлайтын, еліміз еңселі, Сыр елі ұстаздарының ауызбірлігі болаттай бекем болсын деген тілегім бар.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде мектеп директорының орынбасарлары Зағираш Бержанова, Жомарт Ерболатов, Гүлмира Ақмағанбетова, Айгүл Абдиева, Гүлжахан Қожахметова, Ғабит Сәрсен, Гүлбану Ағайдаровалардың сіңірген еңбектері де орасан зор.
"Білімді ұрпақ тағдыры – ұстаздың қолында" демекші, үлкен жетістіктерге жетелеп келе жатқан мектебіміздің алар асуы мен бағындырар белесі алда.

Шаттық ШЫҢҒЫСОВА
№85 мектеп директоры
02 қазан 2021 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930