» » Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысты

Президент - Жоғарғы Бас қолбасшы Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығуын тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.



Жоғарғы Бас қолбасшы Бас штабтың алдыңғы қатарлы басқару пунктін аралай отырып, Қорғаныс министрінің, Әуе қорғанысы күштері, Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері және десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшыларының, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің баяндамаларын тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы мақсаттағы бөлімшелердің дайындығын тексеріп, қару-жарақ пен техниканың заманауи үлгілерін көрді, сондай-ақ Ақтау әскери госпиталі мен Маңғыстау облысындағы авиациялық инфрақұрылым құрылысының тұсаукесерімен танысты.

1
Оқу-жаттығу сценарийі қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне сүйене отырып, әртүрлі әскери топтардың шартты қарсыласқа қарсы соғысуының жаңа формалары мен әдістерін қолдануды қамтыды. Әскерлер тобының бүкіл іс-қимылдары кезінде әуе және жер үсті барлау жүргізілді. Оның нәтижелері басқару пунктіне жіберілді, сол жерден ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аралас авиациялық топтың жоғары дәлдікті соққыларын беру үшін мақсат қойылды. Оқу-жаттығу барысында әскерлердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.
2
Президентке онлайн-режимде еліміздің түрлі өңірлерінде өткізілген Қарулы Күштердің, ведомствоаралық топтардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің іс-әрекеттері ұсынылды. Атап айтқанда, Каспий теңізінің акваториясында Әскери-теңіз күштері авиация мен арнайы операциялар күштерінің қолдауымен елдің экономикалық қызмет объектілерін қорғау бойынша іс-қимылдар жүргізді. Тиісті әскери оқу-жаттығулар Қарағанды облысындағы «Сарышаған», «Спасск» және Алматы облысындағы «Көктал» полигондарында өтті.
3
Іс-шара барысында Жоғарғы Бас қолбасшы әскери қызметшілерге «Оймаша» полигонында жаттығулар өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Бұл тарихи орын – біздің мемлекеттілігіміздің, батырлығымыздың, халқымыздың бірлігі мен тұтастығының символы. Шекараларға қауіп төнген жағдайда ата-бабаларымыз осы таудың басында сигналдық от жағып, шешуші сәтте бір тудың астына жиналды. Сондықтан оны халық «Бірлік оты» деп атаған. Біздің жауынгерлеріміз Отпантау етегінен туған жерін қорғауға аттанды. Мұнда ұлт тағдыры шешілген маңызды жиналыстар өтті. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін сақталды. Біз батырларымыз туралы естелікті қастерлейміз және дәстүрлер сабақтастығын сақтаймыз. Ең бастысы, біз ата-бабаларымыз мұра еткен Отанымызды қорғайтын боламыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
4
Президент әскери оқу-жаттығуларда жақсы нәтижелер көрсетіп отырған еліміздің Қарулы Күштері дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. 
«Әскерде қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге әзірлікті қамтамасыз ететін жаңғыртудың тұрақты процесі жүріп жатыр. Арнайы операциялар күштері, барлау бөлімдері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелер белсенді дамуда. Диверсияға қарсы әрекеттер пысықталуда. Жоғары дәлдіктегі қару мен пилотсыз құралдарды қолдану кеңеюде», деді Президент.
5
Жоғарғы Бас қолбасшы оқу-жаттығу еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жеті оқу полигонында және Каспий теңізі акваториясында өткізілгенін, ал олардың шығыстан батысқа дейінгі ауқымы үш мың километрді құрағанын атап өтті.
«Жеке құрам мен техниканы өз бетімен, теміржол және әуе көлігімен тасымалдау пысықталды. Бұл Қарулы Күштердің стратегиялық ұтқырлығын, қауіп төндіретін негізгі бағыттарда әскери топтарды жылдам құру мүмкіндігін көрсетті. Жедел жоспарда штабтардың үйлесімді жұмысын, жоғары технологиялық қару-жарақ пен жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау әдістемелерін қолдануды көрдік. Әкімдіктер де дайындық деңгейінің өскенін көрсетті. Олардың қазіргі «стресс-тесттердегі» рөлі әскери құрамнан кем емес», деді ол.
6
Жоғарғы Бас қолбасшы әскери қызметшілерді кешенді әлеуметтік қорғау мәселелеріне де тоқталды.
«Ақшалай үлес біртіндеп артып келеді. Биылдан бастап лауазымдық жалақы 35%-ға өсті. Алдағы екі жылда олар орта есеппен 60%-ға өседі. Әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін тұрғын үй мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. ТМД-ның басқа елдері жағдайында қазақстандық әскери қызметшілердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті болып табылады. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау әрқашан мемлекеттің басты басымдықтарының қатарында болады. Мықты армия - қуатты егемен Қазақстан», деп есептейді Президент.
7
Қасым-Жомарт Тоқаев барлық әскери қызметшілерге мінсіз қызметі үшін шын жүректен алғыс айтып, олардың мемлекетіміздің қауіпсіздігін сенімді қорғайтынына сенім білдірді.

23 қыркүйек 2021 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 193

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930