» » "Сау бол, жүз жаса!"

"Сау бол, жүз жаса!"


Жыл сайын қыркүйектің алғашқы аптасында аудан тұрғындары орталық алаңға жиналып, «денсаулық фестивалін» атап өтетін. Онда бірдей форма киген оқушылар әуеннің ырғағымен жаттығу жасап, спорттың бірнеше түрінен ұйымдастырылатын жарыстарда бақ сынайтын. Үлкендер дәрігерге қаралып, рентген аппаратына түсіп, қан қысымы мен қант мөлшерін өлшетіп денсаулыққа көңіл бөлетін. Биыл карантиндік жағдайға байланысты көп болып шоғырлануға тыйым салынды. Десе де дәстүрге айналған «Денсаулық фестивалі» өткізілмей қалған жоқ. Қармақшы Жастар денсаулық орталығының ұйымдастыруымен жаңаша форматта аталып өтті. Фестивальге аудандағы барлық балалақша мен білім ордасы, қала берді ұжымдар өз үлестерін қосып, түрлі мазмұнда өткізді. Оны әлеуметтік желіде жариялап, челлендж арқылы өзгелерге де насихаттады.
«Сау бол, жүз жаса!» атты ұранмен басталған «Денсаулық фестивалі ‒ 2021» ұлттық бағдарламасы халықты белсенді өмір салтын жүргізуге, саламатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке денсаулықты сақтау мен нығайтуға, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тартуға үндеді. Денсаулық фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар иммунитеттің тұрақты болуына, жұқпалы, жүрек және қан тамырлары ауруларының алдын алуға, тұмаумен сырқаттану қатерлерін азайтуға, өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы өзін-өзі жақсы сезінуге ықпал етті.
Жыл өткен сайын ауданда бұқаралық спортпен айналысушылардың саны артып келеді. Мазмұнды спорттық мәдени-көпшілік шаралар денсаулықты нығайтып, төл мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға оң ықпалын тигізіп қана қоймай, келешек ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге де көмектеседі.
Фестиваль аясында аудандық емхана қызметкерлерінің қатысуымен халықтың өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, үнемі бақылауда ұстап жүруіне кеңестер берілді. «Өз денсаулығыңызды күтіңіз, аурулардың алдын алу, скринигтік тексеруден өтіңіз!», «Саламатты отбасын құрамыз!» және тағы басқа тақырыптардағы ақпараттық-көрнекілік материалдар таратылды.
Емхана фойесінде «Ашық есік» күні өтті. Іс-шара барысында дұрыс тамақтану, артық салмақтан арылу, қан құрамындағы қант мөлшерін бақылауда ұстау, артериалдық қан қысымын болдырмаудың алғышарттары айтылды. Жүректің ишемиялық ауруын болдырмау жолдары, екі жыл сайын өз денсаулығыңызды тексеріп тұру үшін медициналық скринингтен өту, «COVID-19» кеселінен сақтанып, иммунитетті күшейту жолдары туралы, жұқпалы дерттерден сақтану, бойды жаман әдеттерден аулақ ұстау жайлы медицина саласының және Жастар денсаулық орталығының білікті мамандары түсіндірме, тексеру жүргізді.
Аудандық аурухана бастауыш кәсіп­одақ ұйымының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында өз зейінін жаттықтыру арқылы денсаулыққа үлес қосу мақсатында «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынынан сайыс өтті. Аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы ойынға қатысушыларға сәттілік тілеп, өзінің жылы лебізін білдірді. Сайысқа №15 аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ үй­ір­ме­сінің жаттықтырушысы Әбу Төремаханов төрелік жасады.
«Тоғызқұмалақ» ойыны зейінді арттыра отырып, есте сақтау, ойлау қабілетін жақсартуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға, сонымен қатар ұлттық санамызға патриоттық серпін беруге зор ықпал етеді.Қазіргі таңда жастарымыздың осы ойын түріне қызығушылығы артып келеді.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды логопед-дәрігер Айгерім Қалжанқызы, ІІ орынды медбике Айжан Тұрсынова, ІІІ орынды жалпы тәжірибелік дәрігер Айгерім Бұлақбаева иеленіп, марапатталды. Нұрғазы Жұқалов, Данабек Сәрсенов, Арайбек Ысқақов, Айдос Жаналиев, Шахмардан Нұртасовтар ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныспен тарасты.
«Сау бол, жүз жаса!» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2021» Ұлттық бағдарламасы аудан жастары арасында «Жақсы әдетке толы күн» атты түрлі спорттық ойындармен өз жалғасын тапты. Аудандық орталық алаңдағы LED экранда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының, Қармақшы аграрлы-техникалық колледж студенттерінің, балабақша-бөбекжай бүлдіршіндері мен ата-аналарының арасында өткен «Жақсы әдетке толы күн» атты түрлі спорттық ойындар челленджі көрсетілді. Саламатты өмір қалыптастыру жайлы ақпараттар, «Саламатты өмір қалыптастыру, бақытты ғұмыр кешу бізге берілген бақыт. Оны қадірлей білейік, достар. Дені сау болашақ! Біздің қолымыздан келеді!» ұрандары жүгіртпе сөздер арқылы берілді.
Бағдарлама аясында өткен көңілді эстафеталар, флеш-мобтар, челлендж­дер жастардың физикалық әрі көңіл-күй белсенділіктерін арттырды.
– Халықтың саламатты өмір салты мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімі мен хабардарлығын арттыра беру міндет. Халық арасында спорттың бұқаралық сипат алуына және спортты насихаттауға ерекше ден қою қажет. Өскелең ұрпақ – біздің ертеңгі болашағымыз болғандықтан, осындай акцияларды көптеп ұйымдастыру жастардың саламатты өмір салтын дұрыс ұстануына септігін тигізуі сөзсіз, – дейді Қармақшы жастар денсаулық орталығының психологі Әмина Кетебаева.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
14 қыркүйек 2021 ж. 493 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031