» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді



«Nur Otan» партиясы Қармақшы аудандық филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Скендіров Айдынбек Айтбайұлы және комиссия мүшелері Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу ғимараты мен жатақханасының 2021-2022 оқу жылына дайындығы мен сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің оқу ғимараты мен жатақханасы 2019 жылы толығымен күрделі жөндеуден өткізілді. Оқу ғимараты 1 оқу шеберханасы, 7 зертхана, 8 арнайы пән кабинеті және 10 білім беретін оқу кабинеттерінен тұрады. Колледж жатақханасы 1976 жылы іске қосылған. Жатақхана 3 қабаттан тұрады.
Мониторинг барысында оқу ғимаратының оқу шеберханасында болып, «Жас маман» жобасы аясында жүзеге асырылған «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша оқу кабинеттерінің, зертханаларының материалдық-техникалық базасы қазіргі заманауи технологиялармен толықтай жабдықталған. Сондай-ақ, оқу ғимараты мен жатақхананың санитарлық талаптарының сақталуы, антисептикалық құралдарының болуы басты назарға алынған. Мониторинг жұмыстарының барысында оқу ғимаратының және студенттердің жаңа оқу жылына дайын екендігі анықталды.

08 қыркүйек 2021 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 405

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031