» » COVID-19: Әлемдегі жай және «Мu» штаммы

COVID-19: Әлемдегі жай және «Мu» штаммы


ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ МӘЛІМЕТІНШЕ, ӘЛЕМДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 218,2 МИЛЛИОННАН АСҚАН. АЛ 4,5 МИЛЛИОННАН АСТАМ ВИРУС ЖҰҚТЫРУШЫ ҚАЙТЫС БОЛҒАН. РАСТАЛҒАН КОВИД ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ САНЫ БОЙЫНША АҚШ КӨШ БАСТАП ТҰР. ТОЛЫҒЫРАҚ ӘЛЕМДЕГІ ЖӘНЕ ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ШОЛЫП КӨРЕЙІК.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырған 218 млн 200 мыңнан астам жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар саны 4,5 миллионнан асқан. Үндістан екінші орында 32,8 миллион, үшінші орында – Бразилия 20,7 миллион, төртінші орында – Ресей, бесінші орында – Ұлыбритания 6,8 миллион, Францияда және Түркияда COVID-19-дың 6 миллионнан астам жағдайы тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі соңғы 24 сағат ішінде Үндістанда 45 352 жаңа COVID-19 оқиғасы және вирустық инфекциядан 366 адам қайтыс болды деп мәлімдеді. Қайтыс болғандар саны 439 895 адамға жеткен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шамамен 32 063 616 адам COVID-19-дан емделіп шыққан. Бейсенбідегі жағдай бойынша Үндістанда инфекцияның 47 092 жаңа жағдайы тіркелді, бұл екі айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Ал Моңғолияда коронавирус­пен ауыратын науқастардың күнделікті өсімі бойынша антирекорд тіркелді. Яғни 3 805 жағдай анықталған. ДДСҰ мәліметтері бо­йынша, тамыздың соңында әлемде коронавирустың таралу қарқыны үш айлық жоғары деңгейге келді, ал Оңтүстік-Шығыс Азияда пандемия кезінде ауру тіркелімдері рекордтық көрсеткіштерге жетті.
Қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, 2 қыркүйектегі жағдай бойынша ауруханаға жатқызылғандардың саны алдыңғы күнмен салыстырғанда 35-ке артқан. Қазіргі уақытта Черногорияда коронавирустың 8 337 белсенді жағдайы тіркелген. Эпидемия басталғаннан бері Черногорияда коронавирусты жұқтырудың жалпы саны 115 956 адамды құраған. Ауру салдарынан 1732 адам қайтыс болған.
Strategy2050.kz аналитикалық порталының мәліметінше, 2 қыркүйекте TVR Moldova телеарнасында ұлттық компанияның вакцинация жөніндегі үйлестірушісі Нинель Ревенко хабарлама жасапты. Онда ол Молдовада коронавирустың таралу қарқыны арта берсе, онда елде эпидемиологиялық қауіптіліктің "қызыл кодын" енгізуге тура келеді дейді. Оның сөзінше, соңғы 14 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда 142 жағдай болған. Ол республикада "қызыл кодты" енгізу жаңа карантиндік шектеулер енгізу қажеттілігіне алып келетінін атап өтті. Сарапшының пікірінше, жағдайдың одан әрі дамуы көбінесе ел тұрғындарының әрекеттеріне байланысты. Ревенко карантиндік шаралар күшейген жағдайда мектептер халықаралық ұйымдар ұсынғандай, ең соңында жабылатынын мәлімдеді. Соңғы мәліметтер бойынша, Молдовада пандемия кезінде 68 105 коронавирус тасымалдаушысы анықталып, оның ішінде соңғы тәулікте 4 877 жағдай тіркелген.
Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында күніне 1 200 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқанына қарамастан карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданған. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, көшеде спортпен шұғылдануға қойылған шектеу толықтай алынады. Соның ішінде, вирустың таралу ошағына айналған Сидней де бар. Спортпен айналысуға берілетін уақыт бір сағатпен шектелмейді. Алайда, кешкілік уақытта коменданттық сағат жалғаса береді.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тұрғындардың 70 проценті вакцинаның бірінші компонентін салдырған, осыған байланысты карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданған екен. Штаттың премьер-министрі Глэдис Береджиклянның айтуынша, далада спортпен шұғылдану ауру жұқтыруға қатты ықпал етпейтіндіктен шектеуді алу туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, соңғы 24 сағатта Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 1 288 адам коронавирус жұқтырған. Штатта барлығы 29 202 адам ауруға шалдығып, 163 адам көз жұмған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Аус­тралияда барлығы 56 560 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 1019 адам қайтыс болды.
Аустралия үкіметі елде төтенше жағдайды 17 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Осы шешімге байланысты, мемлекет әуежайларда маска тағуға және КВИ-ге тест тапсыруға міндеттеген. Сондай-ақ, круиздік лайнерлердің ел аумағына кіруіне тыйым салынды.
Оңтүстік Корея ең ірі америкалық фармацевтика концернінен коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасын алды. Moderna препаратының 1,02 млн дозасы, Румыниядан сатып алынған Pfizer вакцинасының 526,5 мың дозасы Сеулге жеткізілді. Аптаның соңына дейін ел тағы 4,98 миллион доза вакцина алуы керек. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея үкіметі COVID-19 вакциналарының 193,4 миллион дозасын, соның ішінде AstraZeneca, Moderna, Janssen және Novavax вакциналарын жеткізуге келісім жасады.
Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбіде жасанды желдету аппараттарын қолданып, қарқынды терапия алған коронавируспен ауыратындардың саны бүкіл ел бойынша 2158 адамды құраған. Бұл бүгінгі күннің ең үлкен саны, сейсенбіде орнатылған алдыңғы рекордтан 48-ге көп.
Токиода коронавирустың 3099 жа­ңа жағдайы расталды деп мәлімдейді. Күнделікті санау апта сайын 11-ші күн қатарынан төмендеуді көрсетеді. Елордада коронавирустың расталған жағдайларының жалпы саны қазір 349 841 адамды құрайды.
Әзербайжанда мейрамханалар мен сауда орталықтарына барған кезде талап етілетін міндетті ковид төлқұжаты енгізілді. Бұл құжат үйлену тойына барған кезде де қажет болады. Мұндай талап елдегі Министрлер кабинетінің қаулысымен қабылданған. Эпидемиологиялық модельдеу әрбір үшінші американдықтың 2020 жылы коронавируспен ауырған болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Ғалымдардың пайымынша, өткен жылы 110 миллионнан астам АҚШ тұрғыны SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған болуы әбден мүмкін, мұндай зерттеу нәтижесін Nature ғылыми журналы жариялады. ДДҰ Колумбияда анықталған коронавирус штамын мониторингілеу тізіміне енгізді. Ол грек алфавитінің «мю» әрпімен белгіленген. Бұл тізімдегі штамдар аурудың жұқпалылығына, ауыр ағымына әсер ететін генетикалық өзгерістерге, сонымен қатар иммунитет ­және диагнос­тикалау мен тера­пия­дан алшақтау мүмкіндіктеріне ие.
Түркия елі коронавирус инфек­­ция­сынан болатын өлімді азайта алмай отыр. Қазіргі таңда елде бір тәулікте COVID-19-дың асқынуынан 290 адам қайтыс болған. Бұл cоңғы төрт айда орын алған рекордтық көрсеткіш болып отыр. 30 сәуірде 394 өлім жағдайы тіркелген болатын. Өткен күндері коронавирусты жұқтырудың тағы 23 946 жаңа жағдайы анықталды. Сондықтан ел билігі карантин шараларын қатаңдату туралы мәлімдеген. Сондай-ақ, вакцина алмаған барлық азаматтар кинотеатрларға, тамақтану орындарына және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыратын болады.
Оңтүстік Кореяда коронавирустың тағы бір жаңа штаммы таралуда. Дәрігерлер Mu-штаммды үш адам жұқтырғанын мәлімдеді. Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу департаментінің өкілдері науқастардың үшеуі де індетті сырттан жұқтырып келгенін жеткізді. Ауру жұқтырғандар – Мексикадан, АҚШ-тан және Колумбиядан келген иммигранттар. Өз кезегінде биліктегілер коронавирустың жаңа штаммының таралып кетпеуі үшін тиісті шаралар қабылданатынын мәлім етті.
Айта кетсек, Mu-штамм 2021 жылы Колумбияда анықталған. Бұған дейін ДДСҰ вакциналарға төзімді штаммдар бар екенін хабарлаған болатын. Қазіргі таңда бұл вирустың түрі Еуропа мен Оңтүстік Америка елдерінде таралған. АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері Энтони Фаучи коронавирустың “мю” штаммы антиденелерге төзімді екенін айтты.
“Бұл вирустың мутациясы кейбір антиденелерге төзімді келеді” дейді сарапшы. Десе де, Фаучидің сөзінше, коронавирустың “мю” штаммы “дельта” штаммы секілді айтарлықтай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазіргі таңда ғалымдар жаңа вирус мутация­сын бақылауға алған. Жаңа штамм 40 мемлекетте таралған. ТМД аумағында вирус әлі тіркелген жоқ.
ДСМ мәліметінше, Қазақстандағы 5 қыркүйектің дерегімен 3 897 адамда індет расталған. Ал 6 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жария­ланған болатын. Онда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта болса, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймақта. Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта тұр. Сондай-ақ, 6 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 6 839 097 адам, II компонентпен 5 662 697 адам вакцина салдырған.

Дайындаған Айнұр ӘЛИ
07 қыркүйек 2021 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031